Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қызмет / Бюджет саласының сақшылары

Бюджет саласының сақшылары

Таяуда ІІМ Ішкі аудит департаментінің құрылған күні аталып өтті. Жалпы тоқталып өтсек, бұған дейінгі ІІМ Бақылау-ревизиялық бөлімшесі өз жұмысын 1936 жылы бастаған болатын. Сол сәтте Қазақ КСР Халық Комиссары Кеңесінің 15 сәуірдегі Қаулысымен барлық халық комиссариатына және Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің басқа орталық мекемелеріне, Кеңес және дербес республикалардың халық комиссарлары кеңесіне, өлкелік және облыстық атқару комитеттеріне қаржылық бақылауды белгілеу және барлық соған қарасты мекемелер, кәсіпорындар, шаруашылық ұйымдар мен құрылыстарда құжаттық ревизия өткізу ұсынылды.
Бұл ретте, қазіргі «Ішкі аудит департаменті» дегеніміздің түсініктірек болуы үшін құжаттық тексеріс анықтамасы жөнінде айта кеткен орынды. Кейде жай ғана «тексеріс» деп те атала беретін ол – кейінгі қаржылық бақылаудың толық түрі. Құжаттық тексеріс кезінде бақылау әрекетінің жүйесі заңдылық тексерісі бойынша және заңды екендігін анықтауды бақылау әрекетінің жүйесін немесе ревизиялаушы ұйымның шаруашылық операцияларының негізділігін, бухгалтерлік есептің дұрыс көрсетілуін білдіреді.
Сонымен, КСРО ішкі істер халық комиссариаты (НКВД) 1936 жылдың 28 сәуіріндегі №148 бұйрығымен ақшалай-материалдық бағалы заттардың құжаттық ревизиясын органдарда (бөлімдерде, кәсіпорындарда, шаруашылық және құрылыс нысандарында) өткізуді енгізді. Осы мақсатта құрамында қаржылық және қаржылық-жоспарлау бөлімдерінде, сондай-ақ, орталықта да, басқа да орындарда арнайы ревизорлар бөлінді. Барлық жұмыс пен оны тікелей өткізу басшылығы ішкі істер халық комиссариатының қаржы бөліміндегі ревизиялық бөлімшеге жүктелді.
Содан бері үздіксіз үдерісте болып келген бұл жүйе өзгертіліп, еліміз Тәуелсіздік алған кезеңде ІІМ Бақылау-ревизиялық қызметі 90-жылдары Қаржылық-экономикалық басқармасының құрамына кірді.
Саланың салмақты өзгеріске ұшаруы бір бұл ғана емес. Мәселен, 1998 жылы ел астанасы Алматыдан Ақмолаға ауысқанда, Ішкі істер министрлігі де толық құраммен көшіріліп, бұрынғы Қаржылық-экономикалық басқармасы Қаржылық қамтамасыз ету департаменті болып қайта құрылды. Сөйтіп, оның құрамына Бақылау-ревизиялық басқармасы кірді. Ал, Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 30 сәуірдегі №426 бұйрығы бойынша (1936 жылдың 15 сәуіріндегі КСРО Халық Комиссары Кеңесінің қаржылық бақылау және құжаттық ревизияны өткізуді белгілеу туралы Қаулысының қол қойылған күніне 80 жыл өткеннен кейін), осы Ішкі аудит департаменті ІІМ-нің жеке құрылымдық бөлімшесі болды. Бұл ретте, ол өз өкілеттігінің аясында бюджеттік және басқа заңнамаларды, Үкіметтің және министрліктің бұйрықтарын, нұсқаулар, ережелер, басқа да директивті құжаттарды және талаптардың аудит нысандарын сақтауда ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асырады.
Бүгінде полиция полковнигі Берікбол Құрманбеков басқаратын ІІМ Ішкі аудит департаментінің штаты 29 бірлікті құрап отыр. Заңнама талаптарына сәйкес, оның штатында екі басқарма және талдау мен тексерулер сапасы тобы құрылған. Тәжірибе көрсеткендей, көп қызметкерлері – кезіндегі Бақылау-ревизиялық басқармасы мектебінен өткен, жұмыстарын одан әрі министрліктің аумақтық және арнайы бөлімшелер жүйесінде сауатты маман ретінде жалғастырған, қаржылық-шаруашылық істе үлкен жұмыс тәжірибесі бар азаматтар. Сондай-ақ, олардың дені ҚР бюджеттік және басқа заңнамаларын іс жүзінде шебер қолданатын маман ретінде басшылық лауазымдарға да ұсынылған. Қазір бұл қызметкерлер Ішкі істер органдары туралы, қызметкерлерді зейнетпен қамтамасыз ету, арнайы шендер үшін қосымша ақы төлеу және т.б. заң жобаларын әзірлеуге тікелей қатысады.
Қазір ішкі аудит қызметі барлық аумақтық ішкі істер департаментінде жұмыс жүргізеді. Ол жерде 40 штаттан астам аудиторлар бар. Олар тікелей департаменттің бірінші басшыларына есеп береді және оларға экономикалық қауіпсіздікте, бюджеттік қаражатты сауатты және шебер жұмсауда, сонымен қатар, мемлекеттік меншікті сақтауда жетекшілік рөл атқарады.

Еркеғали БЕЙСЕНОВ, суретті түсірген Қанат КӨЛБАЕВ

Сондай-ақ, оқыңыз

Полиция подполковнигі Қанат ДҮМШЕБАЕВ: Тергеушілік – инемен құдық қазғандай

2015 жылы ақпан айында Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында болған БАҚ беттерінде «қазақтар мен тәжіктер …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған