Басқы бет / «Сақшы» газеті / Спорт / ІІД командасы озық шықты

ІІД командасы озық шықты

«Динамо» денешынықтыру қоғамының базасында құқық қорғау қызметкерлерінің қатысуымен армрестлинг және кір тасын көтеру бойынша жарыс өтті.
«EXPO-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында өткен шараның мақсаты – құқық қорғау қызметкерлерінің дене-күш жағынан дайындықтарын шыңдау және саламатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Жарысқа 46 қызметкерден құралған 8 команда қатысты.
Командалық есеп бойынша Батыс Қазақстан облыстық ІІД командасы жүлделі 1-орынға ие болса, 2-орын облыс бойынша Төтенше жағдайлар департаментіне бұйырды. Батыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті 3-орынды иеленді.
Жеке есепте кір тасын көтеруден келесі спортшылар жеңіс тұғырынан табылды: 65 келілік салмақ дәрежесінде 1-орын облыс бойынша ҰҚКД қызметкері Д. Исламбеков, 2-орын ҚАЖД қызметкері А. Тажанов, 3-орын Орал қалалық ІІБ қызметкері К. Беріков; 65 келіден жоғары салмақта 1-орын ТЖД қызметкері В. Фурманов, 2-орын ТЖД қызметкері М. Сағатов, 3-орын Батыс Қазақстан облысы МКҚБ қызметкері М. Болатов.
Сондай-ақ, армрестлинг спорты бойынша 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1-орын Батыс Қазақстан облыстық ІІД қызметкері М. Адиетов, 2-орын ТЖД қызметкері А. Мамбетов, 3-орын Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкері А. Тажанов; 65 келіден жоғары салмақта 1-орын облыстық ІІД қызметкері О. Ерғалиев, 2-орын ТЖД қызметкері В. Фурманов, 3-орын ТЖД қызметкері Д. Зайнуллин.
Шара соңында барлық жүлдегерлерге алғыс хат пен медаль және «Динамо» денешынықтыру қоғамы атынан бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Батыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Бассейндегі бәсеке

ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің жеке құрамы Қазақстан полициясының 25 жылдық мерейтойын жыл …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған