Басқы бет / «Сақшы» газеті / Спорт / Іріктеу турнирінің үздіктері

Іріктеу турнирінің үздіктері

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД-нің ұйымдастыруымен шағын футболдан республикалық турнир өтті.
Турнир Қазақстан Республикасы күш құрылымдарының арасында өтетін республикалық жарыстарға қатысу үшін ІІМ ҚАЖ комитеті құрамасына ұсынылатын кандидаттар мен мықты спортшыларды анықтау мақсатында өткізілді. Еліміздің түкпір-түкпірінен пенитенциарлық жүйенің қызметкерлері келген үш күндік жарыс «Ертіс» футбол клубының манежінде жалауын көтерді. Турнирдің ашылу салтанатына облыстық ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет полковнигі Ерсайын Нұртазинов, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Казбек Иманқұлов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Шағын концерттік шоудан кейін алаңда бірінші ойын басталды.
Ойынға ұлттық санаттағы төрешілер Роман Борисов пен Азамат Каргужинов төрешілік етті. Жарыстың атмосферасы қай команданың да тек жеңіске ұмтылатынын көрсетті. Сонымен, 29 кездесудің қорытындысы бойынша финалға Павлодар, Қостанай, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстары департаменттерінің командалары шықты. Нәтижесінде, үшінші орын үшін кездесуде Оңтүстік Қазақстан облысының командасы 3:0 есебімен Қарағанды облысының командасынан басым түссе, екінші орынды 4:2 есебімен алаң иелерінен ұтылған Қостанай облысының командасы иеленді.
«Өте жақсы ойын болды. Қазақстанның барлық дерлік облысынан командалар қатысты. Үш күн бойы жалғасқан ымырасыз тартыстың нәтежиесінде финалға өткен төрт мықты команда анықталды. Жартылай финалға шыққандардың қатарынан Оңтүстік Қазақстан облысының ойыншыларын атап өткім келеді. Стильдері жақсы, мықты жігіттер! Павлодар мен Қостанай командаларының техникасында мін жоқ. Жеңімпаздар – Павлодар облысының командасы республикалық чемпионатта лайықты ойын көрсетеді деп сенемін», – дейді ұлттық санаттағы төреші Роман Борисов.
Жеңімпаз-командалар бағалы сыйлықтармен, грамоталармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.
Сонымен қатар, жеке аталымдар бойынша «Ең үздік доп беруші» Мадияр Қарабай (Қарағанды облысы), «Үздік ойыншы» Павел Бабкин (Ақмола облысы), «Үздік техникасы үшін» Нұркен Смаилов (Ақтөбе облысы), «Үздік бомбардир» Алмат Исмағұлов (Қостанай облысы), «Үздік қақпашы» Сұлтан Берікбаев (Оңтүстік Қазақстан облысы), «Үздік қорғаушы» Азамат Еспаев (Павлодар облысы), «Үздік шабуылдаушы» Нариман Ақышев (Солтүстік Қазақстан облысы) арнайы грамоталармен марапатталды.
Сондай-ақ, Қарағанды облысының ҚАЖД командасы «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» грамотасымен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Бассейндегі бәсеке

ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің жеке құрамы Қазақстан полициясының 25 жылдық мерейтойын жыл …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған