Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаршы / Made in «Еңбек-Қарағанды»!

Made in «Еңбек-Қарағанды»!

Сотталғандардың түзелу жолына түсуінің негізгі бір құралы – ҚАК-нің 7-бабына сәйкес, оларды бас бостандығынан айыру орындарында жұмыспен қамту. Аталған кодекстің 119-бабына сәйкес, мекемелер әкімшіліктері сотталғандарды қылмыстық атқару жүйесінің кәсіпорындарына жұмысқа орналастырады, мекеменің аумағында немесе оның сыртында орналасқан ұйымдарда жұмысқа орналасуына көмек көрсетеді, сонымен бірге, олардың күзеті мен оқшау ұстау жағдайларын қамтамасыз етеді.
Мекемелер әкімшіліктері барлық еңбекке жарамды сотталғандарды ақылы жұмыспен қамту үшін жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыс жасап келеді. Осы бағытта Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД қарасты АК-159/6 мекемесінде сотталғандар еңбегін ұйымдастыру бөлімі негізгі жұмыс беруші «Еңбек-Қарағанды» РМК №40 филиалымен бірлесіп, шаралар қабылдауда.
Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің «Еңбек-Қарағанды» республикалық мемлекеттік кәсіпорны сотталғандарды қылмыстық атқару жүйесі жағдайында жұмыспен қамту үшін құрылған. Кәсіпорын әртүрлі өнім өндіретін көп жылғы және маңызды тәжірибеге ие. «Еңбек-Қарағанды» РМК №40 филиалы ІІМ ҚАЖК «АК-159/6 мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесінің базасында жұмыс істейді. Соңғы жылдары біріккен өндіріс орындарын дамытуға баса мән беріліп отыр, оның негізгі жұмыс күші түзеу мекемелерінің арнайы контингенті болып табылады. Кәсіпкерлер бос тұрған учаскелер мен цехтарды жалға ала отырып, тек қосымша жұмыс орындарын ашып қана қоймайды, сонымен бірге, өндірілетін өнімдердің тізбесін де жаңартып отырады.
Өңірдегі кәсіпкерлермен біріккен өндіріс түрлерінің бірі 2012 жылы қарашада ашылған, «ПромЛюкс» ЖШС дайын компоненттеріне жасалған түсті-диодты аспашамдар болып табылады. Осында құрастырылған аспашамдар көшелерді, парктер мен жолдарды жарықтандыру, өндірістік мақсаттарда, кеңселер, тұрмыстық қажеттіліктер үшін қолданылады.
Сонымен бірге, осы мекеме аумағында 2014 жылғы мамыр айынан бері жұмыс істейтін «Үсенбеков С.К.» ЖК-нің металл пластикалық бұйымдар мен жиһаз корпустарын жинау жөніндегі біріккен кәсіпорнының учаскесін айта кеткен жөн. Бұл жерде қазір 27 сотталған жұмыспен қамтылған. Сотталғандар қолымен әзірленген өнімдер кеңселер, кәсіпорындар, бөлшек сауда тұтынушыларының қажеті үшін шығарылады.
«START» ЖК-нің 12 сотталған жұмыспен қамтылған тұрмыстық химия тауарлары мен лакты сәндеу бұйымдарын шығаратын учаскесі табысты еңбек етіп келеді (2015 жылғы қыркүйектен жұмыс істейді). Ыдыс-аяқ жуатын әртүрлі құралдар, түрлі еден жабындары, кафельдер, сұйық майлар, ішкі және сыртқы жұмыстарға арналған су-эмульсиялық бояулар шығарумен айналысады.
«Күлмағамбетов» ЖК-нің дезинфекциялық құралдар құю мен пластикалық ыдыстар шығаратын учаскесінде 8 сотталған жұмыспен қамтылған (2015 жылғы маусымнан бері жұмыс істейді). Дезинфекциямен араласқан санитарлық-гигиеналық тазалауға арналған «Септолз Форте» әмбебап дезинфекциялық құралдарын құюмен айналысады. Оны құрал-жабдықтарды, ыдыс-аяқты, коммуналдық объектілер киім-кешектерін, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, қоғамдық көліктер, пенитенциарлы жүйенің мекемелерін өңдеу, сонымен бірге, ауыл шаруашылығында көгерген саңырауқұлақтармен күресу үшін қолдануға болады,
«SVENERGY» ЖШС-нің А-4 форматты кеңсе қағаздарын кесу учаскесінде 3 сотталған жұмыспен қамтылған (2015 жылғы маусымнан бері жұмыс істейді).
Осы аталғандар мен әлі де осы учаскелерде жоспарланып отырған саңырауқұлақ өсіру, жылыжайларда көкөніс өсіру сияқты учаскелер, тағы да басқа келешегі зор жобалар бар.
Сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесін прокуратура, жергілікті атқару органдары мен жоғары тұрған органдармен бірігіп шешу үшін бизнес-құрылымдарды тарту жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, үстіміздегі жылы 17 наурызда АК-159/7 мекемесінің базасында «Еңбек-Қарағанды» РМК өндірген өнімдердің негізгі түрлерінің көрмесі өткізіліп, соңынан Азаматтардың құқықтары мен заңдылық жөніндегі тұрақты комиссияның «Қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінің жағдайында сотталғандарды жұмыспен қамту» тақырыбында мәжілісі өткізіліп, оған прокуратура, кәсіпкерлер басқармасы, кәсіпорын және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, «Еңбек-Қарағанды» РМК, Кәсіпкерлер палатасы мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Р. САЛТАЕВ, Қарағанды облысы

Сондай-ақ, оқыңыз

Бала жетістігі – ата-ана қуанышы

«Адамның бақыты – балада» деген халық даналығы текке айтылмаған. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған