Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Партада – мектеп директорлары

Партада – мектеп директорлары

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің оқу сыныбында «Ұйымдар, кәсіпорындар, оқу орындарының азаматтық қорғаныс бастықтары және олардың орынбасарлары» санаты бойынша оқыту ұйымдастырылды.
Аталған сабақтар облыс әкімі бекіткен азаматтық қорғау саласында оқыту жоспарына сәйкес жүргізілді. Бұл жолы партаға Петропавл қаласы мектептерінің директорлары отырған болатын.
Оқыту барысында тыңдаушыларға «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын түсіндіру тақырыбында дәрістер оқылды. Сабақ барысында мектеп директорларымен балалардың, персоналдар және білім беру объектілерінің қауіпсіздігіне байланысты көкейтесті сұрақтар да талқыланды. Департамент мамандары тыңдаушыларға азаматтық қорғаныс, құтқару қызметтері, байланыс және құлақтандыру, сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі және судағы қауіпсіздік бойынша нормативтік құжаттарды егжей-тегжейлі түсіндірді. Мектеп директорлары пайдалы ақпараттарды зор қызығушылықпен қабылдап, психологиялық және медициналық дайындық тақырыптары бойынша берілген тәжірибелік сабақтарға да жақсы ықылас бөлді.
Бұған қоса, мектеп директорларының назарлары оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін жоғарылатуға бағытталған «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсын сапалы жүргізу маңыздылығына аударылды. Шұғыл жағдайлардағы қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыратын мектептерде өткізілетін жаттығулардың нәтижесіне де көңіл бөлу қажеттігі айтылды.
Оқыту қорытындысы бойынша 40-қа жуық тыңдаушы азаматтық қорғау саласында дайындаудан (қайта даярлаудан) өткені туралы сертификат алды.

Қайрат САДЫҚОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

Сондай-ақ, оқыңыз

Сақшылар қол ұшын созуда

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен Петропавл қаласындағы Былғары зауыты ауданының тұрғындарына …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған