Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қоғам және заң / Кәсіптік кеңестің берері көп

Кәсіптік кеңестің берері көп

Батыс Қазақстан облысына іссапармен келген ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Айдар Сайтбеков биыл оқу орнынан тәжірибе алмасу практикасынан өтуге келген 6 оқушы және олардың тәлімгерлерімен кездесіп, кәсіптік бағытта кеңестер берді.
«Ішкі істер органдарындағы қызмет – бұл мемлекеттік қызметтің ерекше түрі. Академияны бітірушілерге «полиция лейтенанты» шені беріліп, олар міндетті түрде ішкі істер органдарының аумақтық бөліністеріне жұмысқа орналастырылады. Түлектер бөлінген жерінде үздіксіз 5 жыл жұмыс істеуі тиіс. Академияда білім алу – бұл сапалы біліммен және жұмыспен қамтамасыз етуге кепілдік!», – деді қарағандылық қонақ өз сөзінде.
Академия бастығының орынбасары іссапарының мақсаты, өңірдегі білім ордасы түлектерінің ішкі істер органдарына бейімделуі, оқу орнын бітіргендегі дипломалды тәжірибе алмасу жұмыстары, олардың жұмыс жоспарлары жайында жастармен сөйлесіп, пікір алмасты.
Іссапар барысында Айдар Мүтәлікұлы Тасқала ауданында да болды. Мектептердің жоғары сынып оқушыларымен болған кездесуде 45 жылдық тарихы бар Қарағанды Академияның құрылуы, оқу орнындағы білімнің сапасы мен оқытушылар құрамы, берілетін мамандықтар, даярлық курстары, үйірмелер, спорт жұмыстары және өзге де тәрбиелік, мәдени-ағарту шаралары жайында ақпараттармен таныстырды.
Мектепті бітіріп, мамандық таңдау қарсаңында тұрған жас буын үшін бұл кездесудің мәні зор. Басқосуға келгендер өздерінің көкейінде жүрген сауалдарына нақты жауап алды.

Батыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Жедел жеткен жәрдем

Солтүстік Қазақстан облысында жол-патрульдік полициясы қызметкерлері ресейлік азаматтың өмірін сақтап қалды.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған