Сақшылар да бильярдты үздік ойнайды

IMG_6108Конституция күні мерекесі еліміздің әр аймағында кеңінен аталып өткені мәлім. Ал бильярд ойынын ұнататын бірқатар мемлекеттік қызметкер атаулы күнді тастаяқ жарысын өткізіп қарсы алуды жөн көріпті. Шараның өтуіне Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мұрындық болды.
Айта кетейік, агенттік мемлекеттік қызметкерлер арасында жыл сайын жазғы және қысқы спорт түрлерінен жарыс өткізуді дәстүрге айналдырған. Сонымен, өзі қызмет ететін мемлекеттік органының намысын қорғауға бел буған тастаяқшылардан 32 команда жасақталып, «сен тұр, мен атайын» дейтін ойыншылар кийлерін мығым ұстап, жарысты бастап кетті. Әр мемлекеттік органнан келген жұртшылық өз командасына әлсін-әлсін дем беріп отырды. Бірнеше команда бақ сынаған жарыста үздік үштіктен көріну оңай емес, әрине. Дегенмен, қазылардың шешімімен 1-орынды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің командасы жеңіп алды. Ішкі істер минситрлігінің спортшылары 2-орынға көтерілсе, 3-орынды Президент Әкімшілігінің тастаяқшылары қанағат тұтты. Ішкі істер министрлігінің командасында ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің бастығы IMG_4947Нұрділдә Ораз, ІІМ Криминалдық полиция комитеті Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Еркін Қалиев және ІІМ Көші-қонды бақылау басқармасының бастығы Еркін Байбатшин өнер көрсеткенін атап өту керек. Сөз орайы келгенде айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөліп келеді. Мемлекет басшысының өз Жолдауында айтылған бұқаралық спорт және дене шынықтыруды дамыту мәселесі ұлт саулығын қамтамасыз ететіні сөзсіз. Өйткені, дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту – салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты екендігі анық. Ішкі істер министрлігінің құрама командасында ойнайтын спортшы сақшылар түрлі жарыстарда алдыңғы шептен көрініп, өздерінің қызметте ғана емес, спортта да белсенді екендіктерін дәлелдеп келеді. Тіпті дүбірлі додаларда намысты қолдан бермей, тек үздік үштіктен ғана көрінуді алдарына мақсат етіп алғандай. Олай дейтініміз, бұл жарыста да ІІМ командасының спортшылары бильярд ойнаудан да осал емес екендіктерін көпшілікке паш етті. Ұлт саулығы – стратегиялық тұрғыдан өте маңызды мәселе. Елбасы болашақ жастарымыздың саулығын әріден ойлап, бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын өте жақсы ескертіп отыр. Осыны басшылыққа алған тәртіп сақшылары спортпен айналысуды әдетке айналдырып, келешек жастар үшін де үлгі-өнеге болып келеді. Жастардың спортпен айналысуына осылайша ықпал етіп, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың азаюына, темекі шегу, нашақорлық сияқты бірнеше проблеманы түбірімен жоюға үлес қоссақ деген мақсаттары бар.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*