Басқы бет / «Сақшы» газеті / Спорт / Жеңіске тек мықтылар жетеді

Жеңіске тек мықтылар жетеді

Қызмет пен спортты қатар алып жүруді игі дәстүрге айналдырған Атырау облысы «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлері үшін «Спорт – денсаулық кепілі» дейтін халық даналығы басты ұстанымдардың бірі болып табылады.
Таяуда Атырау облыстық Ішкі істер департаменті және жергілікті «Динамо» денешынықтыру және спорт қоғамының қолдауымен Атырау облысы құқық қорғау органдары арасында кір тасын көтеруден, арқан тартыс, қазақша күрестен турнир ұйымдастырылды. Турнирдің басты мақсаты – саламатты өмір салтын насихаттау, спортты кең көлемде дамыту.
Бұл жарысқа спорт десе ішкен асын жерге қоятын Атырау облысы «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің командалық құрамы өз үлестерін қосты. Үнемі жаттығу жасап, спорттың сан түрімен айналысатын біздің қызметкерлеріміз үшін бұл жарыста жеңіп шығу қиынға түспеді.
Кір тас көтеруден 60, 70, 80, 90, +90 келі салмақ дәрежелерінде сайысқа түскен Атырау облысы «Мамандандырылған күзет қызметі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, полиция майоры Н. Рахимов 70 келі салмақ дәрежесінде жүлделі 1-орын, полиция старшинасы Е. Капсалимов 60 келі салмақ дәрежесінде 1-орын, полиция старшинасы Е. Бергариев 80 келі салмақ дәрежесінде 2-орын, +90 келі салмақ дәрежесі бойынша Е. Бисен 2-орынға табан тіреді.
Қазақша күрестен «Түйе палуан» сайысына қатысушыларға салмақ және жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмады. Бұл сайысқа қатысып бар күш-жігерін салған Атырау облысы МКҚБ ММ 1-полиция батальонының қызметкерлері, полиция аға серженты Д. Балимов 2-орынға ие болды.
Жарыста қарсыластар мықты болды. Соған қарамастан, тартысты бәсекеде спортшыларымыз намысты қолдан бермей, командалық есепте 1-орынға ие болды. Жеңімпаздар мақтау қағазымен, бағалы сыйлықтар және медальдармен марапатталды.

Ақтөре НҰРЛАНҰЛЫ, Атырау облысы

Сондай-ақ, оқыңыз

Бассейндегі бәсеке

ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің жеке құрамы Қазақстан полициясының 25 жылдық мерейтойын жыл …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған