Басқы бет / «Сақшы» газеті / Спорт / «Институт барысы» анықталды

«Институт барысы» анықталды

Ұлттық ұланның Әскери институтында қазақша күрестен «Институт барысы-2017» атты турнир ұйымдастырылды.
Жарыстар қазақ күресі ережелері бойынша олимпиада жүйесінде 70 келі және одан жоғары абсолюттік салмақтық санатта өткізілді. Мұндай санатта 32 адам жиналды.
Сайыс нәтижесінде, ымырасыз айқаста қола жүлдеге №4 оқу ротасының командирі, капитан Самат Жапаров қол жеткізді. Бірінші курс курсанты Ержан Оразбек 2-орынды иеленсе, 3-курс курсанты Дархан Дәулетов 1-орынды жеңіп алды. Марапаттарды, грамоталарды және сыйлықтарды жеңімпаздарға Спортқа бейімді балаларға арналған мектеп-интернат директоры Смаил Аманов, Петропавл қаласының күрес бойынша ББОМ директоры Ғалым Өркешов, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Күрес федерациясының құрметті президенті Бауыржан Құлжанов және Солтүстік Қазақстан облысының қазақ күресі бойынша аға жаттықтырушысы Еслямбек Бекмұрзин табыс етті.
Жеңімпазға чемпион шапанын Әскери институт бастығы, әскери ғылымдар докторы, профессор, полковник Жұмабек Ахметов табыс етті.

Ұлттық ұлан Әскери институтының баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Ардагерлер – даналық пен даңқтың үлгісі

Павлодар облыстық Ішкі істер департаментінің ардагерлері «Нептун» спорт кешенінде Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай жүзу …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған