Басқы бет / «Сақшы» газеті / Спорт / Жүлделі орындарға ие болды

Жүлделі орындарға ие болды

Қостанайлық полицейлер тәжірибелік оқ ату бойынша Қазақстан кубогында жүлделі орындарға ие болды.
Күш құрылымдары арасында тәжірибелік атыс бойынша өткен Қазақстан кубогында Қостанай облыстық ІІД ЖҚАЖ арнайы бөлінісі қызметкерлерінен құрылған команда екінші орынға ие болды. Жеке есеп бойынша полиция капитаны Нарболат Ақпасов турнирдің қола медалін жеңіп алды.
Аталған жарысқа еліміздің ішкі істер органдары бөліністерінің үздік атқыштары, яғни, Қостанайдан 2 команда, Астана қалалық ІІД-ден 1 команда және Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД-ден 4 команда қатысқан болатын. Қостанайлық полицейлер турнирде 285,9 ұпаймен екінші нәтижеге қол жеткізді. Жеке біріншілікте 30 үздік атқыш бақ сынасып, 106,9 ұпаймен Қостанай облыстық ІІД ЖҚАЖ инспекторы Нарболат Ақпасов 3-орынды иеленді.
ЖҚАЖ командирінің орынбасары Батырбек Закарьяновтың айтуынша, мұндай жарыстарда қатысушылар тәжірибе алмасып, қажетті әдіс-тәсілдерді үйренеді де, кейін оны қызмет бабында қолдана алады.

Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Бассейндегі бәсеке

ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің жеке құрамы Қазақстан полициясының 25 жылдық мерейтойын жыл …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған