Басқы бет / «Сақшы» газеті / Спорт / Сенімді ақтаған ару

Сенімді ақтаған ару

13-15 сәуір аралығында Шымкент қаласында Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен кезекті Республикалық IV Жастар спорттық ойындары өтті.
Бұл чемпионатқа Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының 1-курс курсанты Мейіргүл Әлімбаева самбо күресінен 48 келі салмақ дәрежесінде қатысып, Академия және облыс намысын қорғады. ЖжДД кафедрасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Бағдат Өтенов және аға оқытушы, полиция подполковнигі Руслан Таңқыбаев жаттықтыратын бұл аруымыз өзінің шеберлігін кезекті рет көрсете білді.
Бұл чемпионатта да балуан қызымыз әдеттегідей қарсылас шақ келтірмей, алдынан шыққанның жауырынын жер иіскетіп отырды. Осы қарқынмен қарсыластарын қапы қалдырып, ақтық сынға дейін жеткен ол финалда азулы қарсыласына ұпай санымен есе жіберді. Дегенмен, күміс жүлдегер атанып, 2017 жылғы қыркүйек айында Түрікменстан елінің астанасы Ашхабад қаласында өтетін Азия ойындарына жолдама алды. Осылайша, аруымыз Академиямыздың абыройын, намысын лайықты түрде қорғай білді.
Біз әрқашан да спортшыларымызға сенім артамыз және де олар сенімімізді әрдайым ақтай біледі деген сенімдеміз. Қазақ спортының болашағы жарқын әрі жемісті болғай.

ІІМ Қостанай Академиясының баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Үздіктер қатарынан табылды

2-3 тамыз күндері Петропавл қаласының «Метро» ойын-сауық мәдени орталығында «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының спартакиадасы аясында …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған