Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаршы / «City Plus»-тағы айшықты акция

«City Plus»-тағы айшықты акция

Талдықорған қаласында Алматы облысы ТЖД және Талдықорған қаласы ТЖБ қызметкерлері мен қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «City Plus» сауда-саттық кешенінде «Әрбір үйге қауіпсіздік» акциясы өтті.
Акцияның мақсаты – тұрмыстағы оқыс оқиғалар, балалардың отпен ойнауы, темекі шегу салдарынан болатын өрттердің, адам өліміне әкеліп соқтыратын төтенше жағдайларға жұртшылықтың назарын аудару және оларды болдырмауға үндеу.
ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Владимир Галуза іс-шараны кіріспе сөзбен ашып, тұрғын сектордағы өрттердің статистикасын және негізгі себептерін атап өтті.
Акция барысында қатысушыларға Талдықорған қаласы ТЖБ шағын-викторинасының сұрақтары қойылып, жауап алынды.
Акцияны қолдау үшін Талдықорған қаласы, К. Ушинский атындағы №7 орта мектептің, №9 орта мектептің оқушылары және Талдықорған қаласының «Жас Отан» жастар қанатынан жасөспірімдері шараға арнайы қатысты. №7 орта мектептің оқушылары көрсетілім қойып, өлең айтса, №9 орта мектебінің оқушылары және «Жас Отан» жастар қанаты жасөспірімдері флешмоб ұйымдастырды.
Сондай-ақ, акция барысында Талдықорған қаласының ТЖБ қызметкерлері қатысушыларға өрт қауіпсіздігі ережелері және жедел қызметтердің телефон нөмірлері жазылған жадынамалар, парақшалар, брошюралар таратты.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Ескерткіш тақта – ерліктің бейнесі

Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай Ескелді ауданында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған қызметкерлерге арналған …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған