Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаршы / Танымды кеңейткен «Көшкін»

Танымды кеңейткен «Көшкін»

ІІМ Б. Момышұлы атындағы оқу орталығының жеке құрамы мен тыңдаушылары Ж. Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында Тунджер Джудженоглудың аңызы негізінде жазылған «Көшкін» қойылымының тұсаукесерін тамашалап қайтты.
Әлия Құдайбергенованың аудармасындағы бұл қойылымда көне дәстүрді қолдаушы аға буын мен жастар арасындағы қарым-қатынасты айшықтай отырып, заман ауысқанымен, «адам тағдыры», «келер ұрпақтың болашағы» басты құндылық екеніне назар аудартады. Дала заңын қатаң ұстанған ескі көзқарастың салдарынан жапа шеккен жастардың өмір үшін күресі, жалған үшін жалғыздың құрбан болуы, ер азаматтың отбасындағы дәрежесі бейнеленген Т. Джудженоглудың аңызы оқу орталығы тыңдаушыларына ой салып, өткен мен қазіргіні сабақтастыра отырып, керегін алуға үйретеді.
«Біріміз бәріміз үшін» деген ұранды көтерген қойылым желісі болашақ құқық қорғау қызметкерлеріне асқан сақтық пен салқынқанды ақылмен шешім қабылдау керектігін, қоғамды жасайтын да, қалыптастыратын да – адам, алайда оны тәртіпке шақыратын құзырлы басшылық керек екендігін көрсетті.
Қазақстанның 14 облысынан келген тыңдаушылар оңтүстік өңірдің мәдени ордаларымен танысумен қатар, рухани танымын кеңейтуге де мүмкіндік алды. Ерекше көңіл-күйде қайтқан тыңдаушылар театр актерлеріне ризашылығын білдіріп, гүл шоқтарын ұсынды.

А. ӘЗТАЙ, Шымкент қаласы

Сондай-ақ, оқыңыз

Бала жетістігі – ата-ана қуанышы

«Адамның бақыты – балада» деген халық даналығы текке айтылмаған. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған