Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаршы / Түгіскендегі түсіндіру жұмыстары

Түгіскендегі түсіндіру жұмыстары

Жуырда қызылордалық полицейлер Жаңақорған аудандық прокуратурасымен бірге Түгіскен ауылының №256 және №209 орта мектептерінің оқушыларымен кездесті.
«Біз қылмысқа қарсымыз» деп аталған іс-шара барысында қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу, аудан көлемінде атқарылған іс-шаралар жөнінде ақпарат айтылып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Бүгінде аудан әкімдігі, білім беру бөлімі қызметкерлерімен, жастар мен жасөспірімдер арасындағы топтасып құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бағытында бірлескен іс-жоспар жасап, оны жүзеге асыру бағытында бірқатар жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Аудан көлеміндегі мектептерде ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен 98 кездесу, 6 рейд өткізілген. Осы аралықта әкімшілік құқық бұзған 60 жасөспірім ұсталып, жауапқа тартылды.
Мектептерге жақын орналасқан дүңгіршектерде кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сататын азаматтарды, кәмелетке толмағандарға темекі өнімдері мен алкоголь ішімдіктерін сату, білім беру ұйымдарында оқушылар арасында темекі шегу фактілерін, мекемелерде темекі шегу үшін бөлінген арнайы орындардың бар-жоғын анықтау, темекі және темекі бұйымдарын жарнамалауға тыйым салу мақсатында рейдтер жүргізілуде.

Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Көпке үлгі кемел тұлға

Әдетте, біз бұрынғы кездердің батырларын әрқашан есте сақтаймыз, бірақ бүгінгі күні араларымызда осындай атаққа ие …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған