Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Құрметті қонақпен кездесу

Құрметті қонақпен кездесу

Батыс Қазақстан облыстық ІІД-де «Генералдар кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігі президиумының төрағасы, әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаровпен кездесу өтті.
Бүгінгі жас буынға өнеге бола білген ардагер Ресей Федерациясы Жаратылыстану ғылыми академиясының корреспондент мүшесі, БҰҰ Халықаралық ақпараттану академиясының және Дүниежүзілік ақпараттық парламенттің академигі, КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері. Рүстем Қайдаров алдымен ІІД басшылығымен, жеке құраммен танысып, одан әрі департаменттің мұражайында болды. Бұл жерде департамент қызметінің өткен тарихы сөз болып, қызмет бабында қаза болған қызметкерлер еске алынып, айбын иегерлерінің ерлік істері мақтан етілді. Құрметті қонақ мұражайда орнатылған естелік кітапқа қолтаңба қалдырды.
Профессор, академик, әділет генерал-майоры Рүстем Есімханұлының мамандығы – заңгер, саналы ғұмырын мемлекеттік қызметке арнаған азамат. Ол өз сөзінде: «Полиция – жас буынға үлгілі мамандықтың иесі. Полиция қызметкері берген антына адал болуы қажет. Бұл сөздің астарында үлкен жауапкершілік бар. Әрбір қызметкер өз жұмысын сүйіспеншілікпен атқара білуі керек. Сонда ғана атқарған ісің нәтижелі болады», – деді.
Бұдан соң әділет генерал-майоры «Қазақстан-Орал» телеарнасының «Тарихтан тағылым» бағдарламасына қатысып, хабар барысында Қазақстанның тұңғыш халықтық атқару комитетінің комиссары, қоғам қайраткері Әбдірахман Әйтиев туралы жарық көрген кітап пен деректі фильмнің қалай дайындалғаны туралы әңгіме өрбітті.

Батыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Тәртіп тұрақтылық талабы

Кеше Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов халық алдындағы кезекті есеп беру жиынын өткізді. …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған