Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Тасқынға қарсы тапсырма

Тасқынға қарсы тапсырма

Су тасқыны қаупінің артуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Павел Филиппов Тайынша ауданына іссапармен барып, аудан әкімі Ержан Иманісләммен бірге Краснополянский және Рошинский ауылдық округтарын, дәлірек айтқанда, Красная Поляна, Черниговка, Доброжановка мен Макашевка ауылдарын аралап шықты.
Іссапар барысында Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД бастығы елді мекендерге кірме жолдарды, судың ағу бағыттарын қарап, ауылдарды су басу қауіпінің деңгейін бағалап шықты. Ол су тасқынына қарсы қосымша шараларды қабылдауға тапсырма берді.
Ауданда су тасқынына дайындық ақпан айынан басталғанын айта кеткен жөн. Мұнда құбырлар, кюветтер, көшелер мен ауылға кірме жолдар үнемі тазартылады. Қардың тез еруі мен су ағысының алдын алу мақсатында, қарды тесіп жер жырту жұмысы атқарылды.
Сонымен қатар, су тасқынының туындауы жағдайында алғашқы әрекеттерді халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 1236 тақырыптық жадынама таратылды. Су басу қаупі бар Красная Поляна және Макашевка ауылдарының тұрғындарымен 2 жиналыс өткізілді.
Бұдан бөлек, 14 сәуір күні Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Антон Федяев, Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Павел Филиппов су тасқыны жағдайының мониторингін жасау мақсатында, көктемгі су тасқын және су басуға бейім облыс аумақтарын, атап айтқанда, Айыртау, Есіл, Аққайың және Тайынша аудандарын тікұшақпен ұшып аралап шықты.
Бұл іс-шараға СҚО ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев, Есіл ауданының әкімі Мұратбек Әбішев, Тайынша ауданының әкімі Ержан Иманіслям да қатысты.

Жанат ДОНАНОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

Сондай-ақ, оқыңыз

Ардагер құтқарушы марапат алды

5 желтоқсанда Петропавл қаласында «Қызыл жарты айдың» облыстық филиалы Халықаралық волонтер күнін атап өтті.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған