Велошеру өтті

DSC_8745Жуырда Ақмола облыстық ІІД Оқу орталығының қызметкерлері велошеру ұйымдастырды.
Оқу орталығы бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Арман Асқаровтың мұрындық болуымен «Астаналық парктен» бастау алған велошеруге қатысуға ниет білдірген тәртіп сақшылары аз болмапты. Қызметтік формаларын бір сәтке спорттық киімге ауыстырған олар қаз-қатар тұрып, велосипедтерін сайлай бастады. Осы сәтте біз Ақмола облыстық ІІД Оқу орталығының аға оқытушы әдіскері, полиция аға лейтенанты Рүстем Дулатовты аз-кем сөзге тарттық.
– Сақшылар арасында спорттық жарыстар жиі өткізіліп тұрады. Осы күндері арнайы жоспарға сәйкес орталықтың жеке құрамасы арасында валейболдан жарыс ұйымдастырылды. Басшылық тарапынан әрдайым қолдау көріп келеміз. Сақшыларымыз спорттан да құр алақан емес, ылғи да қала, облыс, министрлік шеңберінде өтетін спорттық жарыстарға да қатысып жүреміз. Велосипедтерді осы саябақта жалға берушілерден алған едік. Сақшылардың да велоспортқа деген қызығушылықтары арта түсті, – деді ол. Кәнігі велошабандоздардай-ақ жүйткіген сақшыларымыз саябақта серуендеп жүрген қала тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, спортты насихаттағандай болды.

Жадыра МЫРЗАХМЕТ,
Суретті түсірген Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*