Тәлім мен талап

Елімізде ІІМ-не қарасты бөліністерде тәлімгерлік слеттары жалғасын табуда. Бүгінде облыстар мен аудандардағы ішкі істер органдарында Тәлімгерлік кеңестері жұмыс істейді. Осы салаға былтыр қабылданған жас қызметкерлер мен оларға бекітілген тәлімгерлердің қатысуымен соңғы күндері бірқатар облыстарда слеттар өткен болатын.

Алматы облысы
Аймақта өткен ішкі істер органдарына жаңадан қабылданған мамандар мен тәлімгерлерінің слетіне облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бейбіт Келгенбаев пен ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.
Сондай-ақ, шараға ІІД-нің жеке құрамы, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Гүлнар Тойлыбаева, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро Алматы облысы бойынша департаменті штабының басшысы Асқар Оспанбеков қатысып, жас қызметкерлерге ақ тілектерін жеткізді.
Слеттің басты мақсаты – жас қызметкерлердің Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, патриоттық сезімге, өзі таңдаған мамандығын сүйе білуіне, өз маманының шебері болуына, қоғамдағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, халыққа жақын болуға, төзімділікке, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Осы жылы ІІМ-нің жоғары оқу орындарын бітірген 53 түлек және азаматтық ЖОО-ның 35 үміткері ІІД-нің маман жетіспеген қызметтеріне қарай бөлініп, алғашқы арнайы дайындық курстарын бітіргеннен кейін лауазымдары бойынша бекітілген болатын. Қазіргі уақытта Алматы облысындағы барлық қалалық, аудандық ІІО-да Тәлімгерлер кеңесі құрылған. Қызметке жаңадан қабылданған жас мамандарға көп жыл еңбек өтілі бар, кәсіби білікті қызметкерлердің арасынан тәлімгерлер бекітіліп, өз жұмыстарын жүргізуде.
«Жас маманның еңбек жолының басталуы – ол адам өміріндегі қиын да жауапты кезеңдердің бірі. Кейде жас мамандар қызмет барысында кездескен қиындықтарға шыдамай, төзімсіздік танытып, қызметтен кетіп жатады. Бірақ, олардың тез арада қызметке бейімделуі, кәсіби шеберлігі мен біліктілігін арттыру, бізге, аға буын тәлімгерлеріне байланысты. Сондықтан, тәлімгер өздерінің тарапынан барлық көмектерін көрсетуі қажет. Біздің болашағымыз осы жастардың қолында», – деді ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Б. Келгенбаев.

Атырау облысы МКҚБ
Атырау облысының Мамандандырылған күзет қызмет басқармасында ұйымдастырылған слетке басқарма басшысы, ардагерлер кеңесінің төрағасы мен қызметке тұрғанына бір жыл толмаған жас мамандар, сондай-ақ, олардың тәлімгерлері қатысты.
Слетті құттықтау сөзімен ашқан басқарма бастығы, полиция полковнигі Н. Төлешов қызметке жаңадан тағайындалған мамандарды кәсібилікке бейімдеуде тәлімгерлер институтының орны ерекше екенін атап өтті. Ол сондай-ақ, Ішкі істер органдарында азаматтық-құқықтық дүниетанымды жолға қойып, қазақстандық патриотизмді дамытып, Антын және қызметтік борышына адал жандарды тәрбиелеуді қолға алу керектігін сөз етті. Ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полиция подполковнигі Ә. Шудабаев жас мамандарға өмірінен, қызмет өткерген жылдарынан мысалдар келтіріп, әсерлі әңгімелеп берді.
Шара барысында батальон командирлері мен тәлімгерлер құрамы мінбеге шығып, арнайы баяндама жасады. Олар күнделікті қызметте кездесетін өзекті мәселелерді тілге тиек етіп, жас мамандардың біліктілігін арттыруда тәлімгерлердің алатын орнының ерекшелігіне де тоқталды. Сонымен қатар, полиция кіші сержанты М. Амантай жас қызметкерлер атынан сөз сөйлеп: «Ішкі істер органдарында қызмет етуді мақтан тұтамын, тәлімгер ұстаздарымыздан үйренетініміз әлі де көп, сіздердің алдарыңызда елімізге ішкі істер саласына адал қызмет етуге уәде береміз», – деді.
Жас қызметкерлерді отансүйгіштік және адамгершілік-эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу мақсатында арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Қызметкерлеріміз Атырау қаласындағы «Жеңіс саябағында» жаңадан салынған «Тәжік-ауған шекарасындағы жауынгерлік қимылдарға және әскери қақтығыстарға қатысушыларға» арналған ескерткіш алаңын, Атырау облыстық ІІД мұражайын, тарихи-өлкетану мұражайларын аралап, өлкенің тарихымен жақынырақ танысып, жан-жақты мағлұматтар алды.

Ақтөре ҚУАНЫШЕВ

Сондай-ақ, оқыңыз

Жедел жеткен жәрдем

Солтүстік Қазақстан облысында жол-патрульдік полициясы қызметкерлері ресейлік азаматтың өмірін сақтап қалды.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған