Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қоғам және заң / Қайырымдылыққа ұласқан сенбілік

Қайырымдылыққа ұласқан сенбілік

Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары қайырымдылық сенбіліктен жиналған қаражатты ардагерлер қорына аударды.
Әкімшілік ғимараттарды, ғимараттардың аумағын тазалап, ретке келтіру арқылы тұрғындарды абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысуға шақыру – облыстық полиция ведомствосының бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов ведомство қызметкерлеріне осындай міндет қойды.
Тергеушілер мен жедел уәкілдер, криминалистер мен арнайы қызметтердің қызметкерлері басшыларымен бірге сенбілікке шықты. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және кезекшілікке тартылмағандар қолдарына күректерін, тырнауыштары мен сыпыртқыларын алып, тазалық жұмыстарымен айналысты. Қайырымдылық сенбілігінен түскен бір күндік жалақы көлеміндегі қаражат ардагерлер қорына аударылатын болады. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұраған Көпеевтің айтуынша, ардагерлер қорына 7 миллион теңге көлеміндегі қаражат түспек. Осы қаражаттан ардагерлерге материалдық көмек көрсетіліп, оларға денсаулықтарын түзеуге қажетті іс-шараларға жұмсалатын болады. Сондай-ақ, ақсақалдардың ведомстволық шипажайға, Астана қаласына баруын, қайырымдылық іс-шараларын өткізу де игі дәстүрге айналған.
Бұл күні 6 әкімшілік ғимараттың маңы, оның ішінде облыстық ІІД-нің ғимараттары, Петропавл қалалық ІІБ, оның 1 және 2 бөлімдері, облыс орталығындағы учаскелік полиция пункттерінің маңы тазартылды. Облыстық әріптестерін аудандық полицейлер де қолдап, барлығы бір адамдай қайырымдылық сенбілігіне қатысты.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Өңір намысын қорғайды

Қазақстан полициясының құрылғанына 25 жыл толуына орай, Шығыс Қазақстанда үздік жол-патрульдік полициясы инспекторын анықтады. Байқауға …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған