Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаршы / Өмірді сүюдің өлшемі

Өмірді сүюдің өлшемі

Өскемен қаласының көпсалалы техникалық колледжінде 1-курс студенттерінің қатысуымен «Мен өмірді сүйемін» атты ашық сабақ өтті.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында өткен ашық сабаққа Өскемен қалалық ІІБ кадр жұмысы бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі А. Бажақова, Үлбі полиция бөлімі бастығының орынбасары Мейрамгүл Жақсылыққызы және осы бөлімнің қызметкерлері қатысты.
«Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған айрықша міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бүгінгі шарамыз жасөспірімдердің арасындағы өмірге деген көзқарастарын аз да болса өзгертуге септігін тигізіп жатса, соның өзі жетістік», – дейді Мейрамгүл Жақсылыққызы.
Ашық сабақ еңбек пәні бойынша өткізілгендіктен, ағаш ұстаханасында студенттер Үлбі полиция қызметкерлерімен бірлесіп құстарға арналған 10 ұя жасап, колледж аймағындағы ағаштарға ілді.
Өскемен қалалық Ішкі істер басқармасының кадр жұмысы бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі А. Бажақова студенттердің жұмысын бағалап, олардың алдағы өмірлеріне сәттілік тіледі.

Өскемен қалалық ІІБ баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Танымды кеңейткен «Көшкін»

ІІМ Б. Момышұлы атындағы оқу орталығының жеке құрамы мен тыңдаушылары Ж. Шанин атындағы облыстық академиялық …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған