Ел абыройын аспандатқан Абдусанат

[0]-Шарафов-1Полиция капитаны Абдусанат Шарафов елімізге белгілі спортшы. 1978 жылы Алматы қаласында туған ол ішкі істер органында 2002 жылдың қаңтар айынан бастап қызмет атқарады. Бүгінде кейіпкеріміз Алматы қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы 4-полиция батальонының жеке тұлғаларды күзету жөніндегі аға инспекторы.
Әрдайым спорттық бабында жүретін Абдусанат 2009 жылы Канаданың Ванкувер қаласында өткен 13-ші полицейлер мен өрт сөндірушілердің бүкіләлемдік ойындарында бокстан 1-орынды жеңіп алды. Сондай-ақ 2010 жылы Андорра қаласында өткізілген дәл осындай Еуропа чемпионатында да каратэден 2-орынға ие болды.
Ел абыройын әлем жұртшылығы алдында биіктетуді ойлайтын Абдусанат Шарафов 2011 жылы 14-ші бүкіләлемдік полицейлер мен өрт сөндірушілердің Нью-Йорк қаласында өткен ойындарында қарсыластарын есенгіретіп, бокстан да, каратэден де 1-орынды иеленді.  Мұнымен шектелмеген аға инспектор 2012 жылы Испанияның Санта-Крус-де-Тенерифе қаласында Еуропалық күштік құрылымдар арасында ұйымдастырылған ойындарда бокстан айқын басымдық танытып, 1-орынды жеңіп алды. Сонымен қатар жақында ғана Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласында өткен 15-ші бүкіләлемдік полицейлер мен өрт сөндірушілер арасында болған ойындарда бокстан 2-орынға көтерілді. Міне, ел сенімін ақтаған оғылан, осылайша, спорттық жетістіктерге жетіп келеді.

Бақытгүл ТУРЛИЕВА, Алматы қалалықМКҚБ

Кадр жұмысы бөлімінің аға инспекторы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*