Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаңалықтар / Қызмет сапасын көтеру тапсырылды

Қызмет сапасын көтеру тапсырылды

Ішкі істер министрлігінде министр, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың төрағалығымен қорытынды Алқа отырысы өтті.
Жиынға министрліктің орталық аппараты, аумақтық ішкі істер департаменттері, жергілікті полиция қызметінің облыстардағы және Астана мен Алматы қалаларындағы басшылық құрамы қатысты.
Іс-шара барысында ішкі істер органдарының 2017 жылғы қаңтар – наурыз айлары аралығындағы жедел іздестіру және қылмыстық іс жүргізу қызметінің қорытындылары қаралып, бірқатар аумақтық ішкі істер департаменттері мен жергілікті полиция қызметі басшыларының есебі тыңдалды.
Министрліктің алқасы өз кезегінде таяудағы қызметтің басым бағыттарын айқындап, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық барысында және көрмені өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударды. Сондай-ақ, тұрғындардың конституциялық құқығы мен бостандығын қорғау, құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын тиімді жүргізу, ішкі істер органдарындағы тәртіп пен заңдылықты нығайту бойынша жедел іздестіру және қылмыстық-процессуалдық қызметтің сапасын көтеру міндеттері де талқыланды.
ІІМ-нің Алқа отырысының қорытындысында министрліктің орталық аппараты қызметі және аумақтық департаменттерінің басшыларына қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берілді.

ІІМ-нің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Ардагер құтқарушы марапат алды

5 желтоқсанда Петропавл қаласында «Қызыл жарты айдың» облыстық филиалы Халықаралық волонтер күнін атап өтті.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған