Басқы бет / «Сақшы» газеті / Спорт / Тыңдаушылар арасындағы сайыс

Тыңдаушылар арасындағы сайыс

Жақында ІІМ-нің Алматы қаласындағы оқу орталығының тыңдаушылары арасында саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Әскери пәндер және денешынықтыру дайындығы» циклының ұйымдастыруымен волейбол, баскетбол сайыстары өтті.
Сайысқа 12 отыздық құрамасы қатысты. Сайыс қызықты әрі тартысты өтті. Осы жарыста өз шеберлігімен №7, №1, №10 отыздық тыңдаушылары суырылып ширек финалға шықты.
Жалпыкомандалық есеп бойынша волейбол сайысында №7 отыздықтың тыңдаушылары 1-орынды иеленсе, екінші, үшінші орындарға №1, №10 отыздықтың тыңдаушылары жайғасты.
Оқу орталығының тыңдаушылары арасындағы жарыстар баскетбол ойынымен ары қарай жалғасты. Сайыстың қортындысы бойынша 1-орынды №1 отыздықтың тыңдаушылары иеленсе, 2-орынға №10 отыздықтың тыңдаушылары, 3-орынға №6 отыздықтың тыңдаушылары қол жеткізді.

Оқу орталығының баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Үздіктер қатарынан табылды

2-3 тамыз күндері Петропавл қаласының «Метро» ойын-сауық мәдени орталығында «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының спартакиадасы аясында …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған