Басқы бет / «Сақшы» газеті / Спорт / Озық шыққан оғыландар

Озық шыққан оғыландар

Жуырда ІІМ-нің Алматы қаласындағы оқу орталығының командасы «Динамо» ДШҚБ филиалының самбо күресінен ұйымдастырған турниріне қатысты.
Оқу орталығының бастығы, полиция полковнигі Закир Мәлібаевтың тікелей қолдауымен құралған курсанттар командасы 8 салмақ дәрежесі бойынша бақтарын сынады. Сайыстың ашылу салтанатында «Динамо» ДШҚБ Спорт бөлімінің бастығы Н. Князев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Динамо қоғамының былтырғы жылғы жетістіктерін тілге тиек еткен ол, командаларды жетістіктерімен құттықтап өтті. 2016 жылдың қорытындысы бойынша ІІМ-нің оқу орталығының командасы динамоның осы турнирінде екінші орынды алғанын айта кеткен жөн.
Бұл жолғы белдесулер де өте тартысты және қызықты өтті. Орталық тыңдаушылары 57, 68 келі салмақтарда бас жүлдені алса, 74, 90 келі салмақтарда үшінші орындарды иеленді. Жалпы командалық есепте он бір команданың ішінен оқу орталығы балуандары төртінші орынға табан тіреді. Алдағы уақытта да оқу орталығының қызметкерлері және тыңдаушылары, яғни болашақ полиция қызметкерлері аудан, қалааралық үлкен сайыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрінетініне сенімдеміз. Жеңімпаз атанған тыңдаушылар медаль, мадақтау қағаздармен марапатталды.

Уалихан ЕСІМХАНҰЛЫ, Алматы қаласы

Сондай-ақ, оқыңыз

Журналистер жарысқа түсті

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың имиджін көтеру, дәріптеу мақсатында және Журналистер күнін мерекелеу аясында Шымкент қаласы …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған