Сақшылардың игі ісі

Астана қалалық ІІД басшылығының ұйытқы болуымен, елордадағы ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар мекемесінің тәрбиеленушілері үшін көктемгі демалыс кезінде күнделікті бассейнге бару шарасы ұйымдастырылды.
Мұндай іс-шара алғаш рет ұйымдастырылып отырған жоқ. Астаналық тәртіп сақшылары ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз қамқорлықтарына тұрақты алған. Оларға бос уақыттарында ІІД музейі, кинологиялық орталығына экскурсиялар ұйымдастырып отырады.
Бұл жолы да елордалық полиция қызметкерлері балаларды саламатты өмірге бейімдеу мақсатында әрі жасөспірімдерді шынықтырмақ ниетте бассейнге баруды ұйымдастырып, көктемгі демалыс күндерінің кестесі жасалды. Күнделікті қатынау көлігі де жүріп тұрды.
«Біздің балалар ата-анасының ыстық алақанына зәру жандар. Олар да өзге балалар сияқты мейірімге лайық. Саламатты өмір салтын насихаттайтын осындай шараны ұйымдастырып отырған полиция қызметкерлеріне алғысымыз шексіз. Демалыс кезінде әртүрлі бағдарламаларға толы осындай шаралар балаларға керек-ақ», – дейді балалар мекемесінің басшылығы.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*