Командирлер даярлықтан өтті

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция ведомствосында Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция бөліністерінің командирлеріне арналған оқу-әдістемелік жиындар өтті.
Жол-патрульдік полиция бөліністерінің командирлері бес күндік оқу-әдістемелік жиындар аясында атыс, денешынықтыру, тактикалық-арнайы дайындықтардан сынақтан өтті. Барлық сабақтар шынайы жағдайға сәйкестендіріліп ұйымдастырылды.
Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Арнайы даярлық басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дмитрий Леонтьевтің айтуынша, бұл жиынның басты мақсаты – атыс, денешынықтыру және тактикалық-арнайы дайындықтар бойынша алған білімдерді қайталап, оларды пысықтау, ІІО-ның қызметкерлерін заңды және тиімді әрекеттерге, түрлі қиын жағдайларда және арнайы операциялар кезінде жұмыс істей білуге үйрету.
Осыған дейін де аталмыш басқарманың қызметкерлері қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің басшыларына арналған оқу-әдістемелік жиындар өткізген болатын. Мұндағы басты мақсат – қалалық және аудандық полиция бөліністерінің басшылары мен қызметкерлерінің барлық сабақтардан алған білімдерін дамыту және нығайту. Арнайы даярлық басқармасының қызметкерлері атыс және денешынықтыру дайындықтарынан сынақ алумен шектелмеген. Жуырда Солтұстік Қазақстан облыстық ІІД басшылығының қолдауымен екі бөлмелі пәтердің тасымалданбалы макеті әзірленіпті. Жаттығулар кезінде оның көмегімен полицейлер қылмыскерлерді жабық үй-жайда ұстау сәттерін пысықтайды.
Жеке құрамның қызметтік міндеттерді атқаруға әзірлігінің деңгейін арттыру мәселелері, тактикалық-арнайы, атыс және денешынықтыру дайындықтарына үйрету үдерісі ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләловтің бақылауында. Жыл соңына дейін сабақтар мен жиындардың тұтас кешені өткізіліп, оларға солтүстікқазақстандық полицияның әрбір сержанты мен офицері қатысатын болады.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*