Полиция генерал-лейтенанты Қалмұханбет Қасымовтың – Конституция күнімен құттықтауы

Генерал Касымов1Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Қалмұханбет Қасымовтың 30 тамыз – Конституция күнімен құттықтауыІшкі істер органдарының барлық ардагерлерін, қызметкерлерін және ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін, ІІМ оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамын, тыңдаушылары мен курсанттарын, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын! Конституция күнін мерекелеу еліміздегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғалардың бірі болып табылады. 1995 жылы бүкілхалықтық рефендумда қабылданған еліміздің Негізгі заңы азаматтардың еркін қалауына негізделген мемлекеттік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық одан әрі табысты дамуының демократиялық принциптерін айқындап берді. Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіздіктің ажырамас бөлігі ретінде біздің еліміздің қоғамдық және саяси жүйесінің іргелі негізін бекітті. Конституцияда белгіленген әлеует қоғамдық-саяси процестер мен қоғамдағы демократиялық жаңа құрылымдар, барша қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру үшін зор серпін беріп, еліміздің одан әрі тиімді дамуы мен конституциялық құқықты жетілдіруге негіз болды. Қазақстандық полиция қызметкерлері мен ішкі әскерлердің әскери қызметшілері алдағы уақытта да қоғамдық тәртіпті сақтауда, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауда өз қызметтік және әскери борыштарын абыроймен орындайтынына сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, баянды бақыт, береке-бірлік, бейбіт өмір және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыстар тілеймін!

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*