Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаршы / Жәдігерлер сөйлегенде…

Жәдігерлер сөйлегенде…

Ішкі істер органдарының болашақ қызметкерлерін қалыптастырудағы басты бағыттардың бірі – ақпараттық және тәжірибелік сипаттардағы адамгершілік пен азаматтық-патриоттық тәрбие беру болып табылады.
ІІО қызметкерінің бойында ел мен жерге деген құрмет сезімді тереңдетіп, одан әрі дамыту оқу үдерісі уақытында да және түрлі тәрбиелік іс-шаралар шеңберінде де іске асырылады.
Жуырда ІІМ-нің Теміртау қаласындағы Оқу орталығының тәрбие жұмысы жоспарының бекітілген кестесіне сәйкес, 6 взвод тыңдаушылары Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығына барды.
Тыңдаушылардың назарына алты мұражай залы ұсынылды. Саяхат барысында тыңдаушылар Тәуелсіз Казақстанның қалыптасу тарихына тереңірек үңіле отырып, Тұңғыш Президенттің өмірбаянына ерекше қызығушылық танытты. Саяхатқа қатысқандар мазалаған сұрақтарына жауапты «Тәуелсіз Қазақстан», «Өз заманының ұлы», «Тұлға бейнесі», «Болат кәсібі», «Уақыт ұрпағы», «Қазақстан жолы» залдарынан таба алды. Есте қалар жәдігер ретінде тыңдаушылар Нұрсұлтан Назарбаевтың шежіре ағашы бейнеленген суретті, мемлекет астанасының макетін, сондай-ақ, металлургиялық өндіріс үдерісінің үзіндісін ұсынатын көріністі атады.
Іс-шара соңында барлық саяхатқа қатысушылар заманауи және тәуелсіз Қазақстанның дамып, өркендеуіндегі Тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың рөлін және ішкі істер органдары қызметкерінің адамгершілік және азаматтық-патриоттық көзқарастарын қалыптастыруда Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығына барудың оң ықпалы зор екенін атап өтті.

Ж. ЖАППАСОВ, Теміртау қаласы

Сондай-ақ, оқыңыз

Танымды кеңейткен «Көшкін»

ІІМ Б. Момышұлы атындағы оқу орталығының жеке құрамы мен тыңдаушылары Ж. Шанин атындағы облыстық академиялық …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған