Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаңалықтар / Көмегі көп пилоттық жоба

Көмегі көп пилоттық жоба

Кеше Астана қаласында Алматы аудандық ІІБ-де «Азаматтар мүддесіне қылмыстық процесті оңтайландыру» пилоттық жобасының алдын ала нәтижелерінің ашылуы өтті.
Іс-шараға Президенттiң көмекшiсi – Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы Владимир Жұмақанов, Бас Прокурор Жақып Асанов, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, Мәжіліс депутаттары – Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай мен Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбіров, Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметуллин, Адам құқығы жөніндегі уәкілетті өкіл Асқар Шәкіров, сондай-ақ, басқосуға Президент Әкімшілігі, Жоғарғы Сот, Әділет, Денсаулық сақтау министрліктері мен Астана қаласының әкімдігінің өкілдері қатысты.
Басқосу барысында Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов, Астана қалалық ІІД-нің бастығы Амантай Әубәкіров, қала прокуроры Болат Дембаев та жобаға қатысты ойларын білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.
Отырыста Бас Прокурор Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының жұмысын қылмыстық процестің күрделілігі, тергеп-тексерулердің және қылмыстық істерді қараудың ұзақтығы үшін сынға алғанын атап өтті. Қылмыстық процеске тартылған – жәбірленушілер, куәлар жауап алуға, тергеу органдарының дәліздерінде күтуге айлап уақыттарын кетіруге мәжбүр.
Мысалы, ұрлық. Заттай дәлелдеме бар, айғақ адамдар бар бейнебақылау жазбасы алынған, тіпті күдіктінің мойындауы да бар. Адамдар мұндай істердің айлап тергеп-тексерілуіне наразы, жауап алулар бірнеше рет жүргізіледі. Осы кезде күдіктілер нәтижесін күтіп қамауда жатады. Бюджет қаражатынан миллиондаған қаражат жұмсалады.
Сондықтан Бас прокуратура ІІМ-мен бірлесіп осы жылдың ақпан айында «Азаматтар мүддесіне қылмыстық процесті оңтайландыру» пилоттық жобасын іске қосқан болатын. Пилоттық жоба Астана қаласының Алматы аудандық ІІБ және Ақмола облысының Целиноград ауданы ішкі істер органының базасында іске асырылуда. Жобаның басты мақсаты – қылмыстық процесті жеңілдету және қысқарту, жаңа технологияларды енгізу жолымен азаматтардың қорғалуын арттыру.
Осы жобаны іске асыру кем дегенде екі маңызды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Біріншіден, адамдар мүдделеріне бағдарланған қылмыстық процестің оңтайландырылған моделін қалыптастырамыз.
Екіншіден, қылмыстық процесті сандық форматқа ауыстыру, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің парадигмасын өзгертуі тиіс. Тергеп-тексеру сапасы мен мерзіміне аса көңіл бөліну керек. Бұл жұмыстың нәтижесі азаматтардың сенімі болады.
Пилоттық жобаның мақсаттарына қол жеткізу үшін полицияның аудандық басқармаларында құрамында 18 анықтаушы және 10 жедел қызметкер бар топ құрылды. Бұл топтар құқық бұзушылықты тергеп-тексеруге және ашуға жауап береді
Үш апта ішінде жоба қажет емес бюрократтық рәсімдерді қысқартуға мүмкіндік берді. Сотқа 67 іс жіберілді, олардың ішінде 70 пайыз іс 1-3 тәулікте, қалғандары ең көп дегенде 1 аптада тергеп-тексерілді. Сот қарауының мерзімі 2 есеге қысқарды. Соттарда істер әдеттегі он бес, жиырманың орнына 6-10 тәулік ішінде қаралған. Тура осындай қылмыстық істер пилоттық жобаға дейін бірнеше айлар бойы қаралды және тергелді.
Азаматтардың қорғалуын арттыру үшін Алматы аудандық ІІБ-де жауап алуға арналған шыныланған кабинеттер құрастырылған.
Жоба шеңберінде кезекші прокурордың жұмысы түбегейлі өзгертілді. Ол аудандық ІІБ ғимаратында ұдайы отырады, сол жерде қылмыстық істі зерделейді және сотқа жібереді.
Азаматтарды қабылдау, олардың жеткізілуінің заңдылығын сол жерде жедел түрде тексеріледі. Бұл полиция қызметкерінің әрекетіне прокуратураға жүгінулерді жартылай азайтуға мүмкіндік берді. Пилоттық жоба нәтижелері қылмыстық процестің неғұрлым тиімді моделін қалыптастыруға зор көмек болмақ.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Қызмет сапасын көтеру тапсырылды

Ішкі істер министрлігінде министр, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың төрағалығымен қорытынды Алқа отырысы өтті.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған