Басқы бет / «Сақшы» газеті / Аймақ айшығы / Мереке көңілді өтті

Мереке көңілді өтті

Жер жаңарып, күннің шуағымен бірге келетін көктем мерекесі – Халықаралық әйелдер күні Шымкент қаласындағы ІІМ-не қарасты Б. Момышұлы атындағы Оқу орталығында да ерекше аталып өтті.
Адам өміріне қауіпті, жауапты қызметтердің бірі саналатын ішкі істер саласындағы арулар да ер азаматтармен тең еңбек етіп, ел дамуына елеулі үлес қосуда. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін күрделі қызметте бойына нәзіктік пен қайсарлықты, батылдық пен биязылықты үйлестіре білген құқық қорғау саласының аруларын оқу орталығының азаматтары арайлы көктемнің тұңғыш мерекесімен құттықтады.
Құқық қорғау саласында қызмет еткен ардагер аналарды арнайы шақырып, жеке құрам жігіттері мен тыңдаушыларының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылды. Оқу орталығының қырыққа тарта аруын ер азаматтар төл мерекелерімен құттықтап, сыйлықтарын ұсынды.
Көктемнің алашқы күндерінен-ақ оларға ерекше көңіл бөлініп, «Шаншар» әзіл-ысқақ театры жаңа қойылымымен қызметкерлерімізді тәнті қылса, жеке құрам әсем әуенімен, мың бұралған билерімен тамсандырды. «Анаға сәлем» атты әнмен басталған кеште испан биі, тыңдаушы жігіттердің мерекелік флэшмобы, әзілдер көрсетіліп, жағымды әсер қалдырды. Аруларды құттықтауда аянбаған азаматтар ән фестивалін ұйымдастырып, тойдың арты тойға ұласты.

А. ӘЗТАЙ, Шымкент қаласы

Сондай-ақ, оқыңыз

Тіл дамуын не тежейді?

Жуырда ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің ұйымдастыруымен 1-курс …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған