Басқы бет / «Сақшы» газеті / Аймақ айшығы / Жазалы аруларға арналған жылы лебіз

Жазалы аруларға арналған жылы лебіз

Ананы қоғамымыздың ең ардақты тұлғасы десек те, бүгінде жазатайым түзу жолдан тайып, жазалының күйін кешіп жүрген әйелдер да бар. Бірақ, әйел – қандай жағдайда да әйел. Жуырда өткен әйелдер мерекесі күні Алматы қалалық Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/13 қауіпсіздігі мейлінше төмен мекемесінде жазасын өтеп жүрген қыз-келіншектерге арналған салтанатты жиын қыз-келіншектердің көңілдерін бір көтеріп тастады.
Мекеме бастығы, әділет подполковнигі Руслан Габибов қыз-келіншектерді көктем мерекесімен құттықтай келе әйел-ананың отбасындағы берекенің көзі екеніне тоқталып, олардың болашақта адаспай жүрулеріне тілек білдірді және олардың қоғамға толыққанды тұлға ретінде оралуларына шынайы ықыласын жеткізді.
Мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі Мұратжан Кәкімжановтың: «Ұрпақ өсіріп, ұлт тәрбиелеуде Анадан асқан ұлағат иесі жоқ. Әр отбасының береке-бірлігін қалыптастырын, халқымыздың дәстүрі мен салтын, тарихы мен ұлттың мәдени құндылықтары – тілін, ділі мен дінін қадірлеуді ұрпақ бойына ана сүтімен, әже әлдимен сіңіретін ұлы да дара тұлға – әйел заты, Ана!», – деген жылылыққа толы сөздері жабырқаулы аруларды бір жадыратып тастады.
Көктемнің алғашқы күні барша әйелдер қауымын қуанышқа бөлейтін мерекеге арналған салтанатты жиында мекеме басшылығы әрбір жазасын өтеуші әйелге гүл шоқтары мен ақшалай сыйлықтар ұсынды. Сонымен қатар, сотталғандар арасындағы тәрбие жұмыстары бөлімінің бастығы, әділет майоры Жанна Жапашева мекеме бастығының үлгілі тәртібімен қөзге түскен, қоғамдық іс-шараларға белсене араласатын сотталғандарды әкімшілік тарапынан марапаттауға арналған бұйрығымен таныстырды.
Салтанатты жиын сотталғандардан құралған «Достар» ән-би ансамблінің концертіне ұласты. Ансамбль жетекшісі М. Түзелбаев пен Э. Нұрсадықова орындаған «Ана», «Асыл әжем» әндері, Қ. Перназаров пен Ж. Өзбекова орындаған «Егіз-лебіз», тағы басқа әндер көрермендердін зор ықыласына ие болды. Мұқағали Мақатаевтың «Ана, сен бақытысың» атты өлеңін мәнерлеп оқыған Т. Берікбол да жиналғандарды талантымен тәнті етті.

Гүлнәр МАҒЗҰМОВА, Алматы облысы

Сондай-ақ, оқыңыз

Құтқарушылар көрмеге сақадай сай

Жуырда № 16 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған