Алып анадан туады

6655 әскери бөлімінде Ұлттық ұланның ақтөбелік жауынгерлері өткен жылы Ақтөбе қаласында болғанғы террористік актіге қатысып, лаңкестерге тойтарыс берген әскери қызметкерлер – сержанттар Ғабит Балжанов, Сәттібай Рахмет, Ирина Балмағамбетова, ефрейторлар Еламан Жанділдаев пен Жеңіс Табынбаевтардың аналарын құттықтауға арналған кеш өтті.
Ақтөбедегі әскери бөлімде мерекелік көңіл-күй орнаған. Еліміздің әр өңірінен келген жас сарбаздар ана жүрегінің өз оғұланына шексіз мейірімді екендігіне тағы бір мәрте көз жеткізді. Ал, жоғарыда аттары аталған әскери қызметкерлердің аналары Отан қорғау жолында қызмет атқарып жүрген барлық сарбаздарды өз ұлдарындай көретіндігін айтып, ізгі тілегін жолдады.
Аналарды құттықтау үшін Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, генерал-майор Мұхаметқали Сатов Ақтөбеге арнайы келген еді.
«Біздің Отанымыз қиын-қыстау сәттерде ел қауіпсіздігі үшін ер-азаматтармен бір қатарда тұруға қашанда әзір нәзік жандар алдында тағзым етеді. Мыңдаған қыз-келіншек Ұлы Отан соғысындағы майдан даласында батылдық пен батырлық танытып, жаумен арпалысты. Тылда мил¬лиондаған әйелдер, соның ішінде Қазақстан қыз-келіншектері Ұлы Же¬ңісті жақындатуға өз үлестерін қосты. Отандастарымыз олар¬дың есімдерін ешқашанда ұмытпақ емес. Ана деген – қасиетті ұғым. Ол отбасының тәрбиешісі, ақылшысы. Сол аналардан үлгі-өнеге алған ер азаматтар лаңкестік оқиға кезінде Отан үшін күресті. Жауынгерлер емтиханнан өткендей болды. Бүгін біз сол батыр ұлдарға өмір сыйлаған аналарға құрмет көрсетеміз», – деді М. Сатов.
Еліне қорған болар ұл тəрбиелеген аналардың қуанышында шек жоқ. «Анада баласының құрметтелгенінен артық қуаныш бола ма!? Кеудеңді мақтаныш кернейді. Оқиға болған күні жанымызды шүберекке түйіп, бірнеше түнді үреймен өткіздік. Балам бір ай бойы ауруханада жатты. Сол кездегі қорқыныш пен уайым осындай мадақтаулармен сейілді», – дейді Еламанның анасы Жəмилə Қосанова.
Ефрейтор Еламан Жанəділдаев лаңкестер шабуылы кезінде өкпесінен жарақат алып, үш ай бойына ем алған болатын. Ол қазір толық жазылып, жауынгерлік қызметіне кірісті.
Кеш барысында Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының атынан ардақты аналарға Савиля Самадинқызына, Нұрсулу Қуанышқызына, Галина Балмағамбетоваға, Ұлжан Ерболатқызына және Жәмила Ыдырысқызына естелік сыйлықтар табыс етілді.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Ұлыстарды ұйыстырған Қарсақбай

Кеңес Одағы кезінде жағрапия картасынан ойып тұрып орын алған Қарсақбай атты кент кезінде көп ұлт …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған