Сақшылар қызу үн қосты

Сакшылар кызу ун косты«Мектепке жол» акциясына БҚО Қазталов аудандық ішкі істер бөлімі де қызу үн қосуда.
Соның айғағындай аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Әзілхан Қайырханов пен аудандық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Мержан Тілеубаев Қазталов, Бостандық ауылындағы төрт отбасының 6 оқушысына оқу -құрал жабдықтары салынған сөмкені тарту етті. Қазталов ауылындағы Ерсұлтан есімді оқушыға сөмкені тарту ете отырып, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары оған, – оқуда алда және тәртібінің жақсы болуына тілегін жеткізді.

Гүлфия КҮШБАЕВА,
Батыс Қазақстан облысы,
Қазталов ауданы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*