Тәлімі мол тарлан ағалар

SAM_1390Алматы қаласы «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесінде 21 тамыз күні басқарма қызметкерлеріне патриоттық тәлім-тәрбие беру, Конституциялық құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында Ішкі істер министрлігі Орталық аппараты Ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы Әділет генерал-майоры Әлімжан Ахмадин, отставкадағы милиция генерал-майоры Эрнст Басаров, отставкадағы милиция полковнигі Мұрат Жанқабаев, отставкадағы милиция полковнигі Нұрсапа Үдербаевпен кездесу өткізілді.
Басқарма бастығы, полиция полковнигі И.Дзигалюк, орынбасарлары полиция полковнигі Д.Молдаханов, полиция подполковнигі Ж.Ережепов бастаған басшы құрам қызметкерлері жоғары аға буынның ел тыныштығын қорғаудағы қайталанбас ерлік істері, сонау Ұлы Отан соғысынан кейінгі елдегі жағдайлар, Үкімет басында болған өзгерістерді, қызмет атқарудағы қиындықтарды қалай жеңіп, нәтижелі іс атқарғандықтарын, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілікке толы сөздерін ұйып тыңдады. Халық құрметіне ие болған бұл азаматтардың қайсар мінездері, ақылды, парасатты істері жайлы әңгімелері жеке құрам қызметкерлерін рухтандырып, болашақтағы істеріне ой салып, үлкен әсер қалдырды. Кездесу соңында ардагерлер тәртіп сақшыларының қиын да қауіп-қатерге толы қызметтеріне сәттілік тілеп, Отанға, Антқа адал болуға шақырды. Сондай-ақ, ардагерлер қашанда қоғамдық тәртіпті сақтауда, құқық бұзушылыққа қарсы күресте ақыл-кеңестерін беруге, басшы құрам қызметкерлеріне үлкен ұжымды басқаруда жинаған тәжірибелерімен бөлісуге, әдіс-тәсілінін үйретуге дайын екендіктер жеткізді.

Алматы қаласы МКҚБ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*