Дербес елге демеу заң

Қайрат ДӘЛБЕКОВ,Қазақстан Республикасының Конституция күні – біздің мемлекетіміздің, халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі. Еліміз алып, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылды.
Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманының жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған, ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Конституция қабылданғаннан кейінгі жылдарда еліміз барлық салада үлкен жетістіктерге жетіп, іргелі елге айналды. Сондай табыстарымыздың бірі ретінде туған республикамыздың Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына 2010 жылы төрағалық етуін мақтанышпен айтуға болады. Әлемге танылған баға жетпес әрбір жетістіктеріміз елдіміздің айғағы емес пе. Ынтымағы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіладамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы қамтылғанын айғақтайды. Елбасымыз «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында жаңа идеология – «Еңбек қоғамын» құру идеясын жариялады. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында да еліміздің алдында маңызды міндеттер қойды. Солардың қатарында мемлекетімізді экономикалық, әлеуметтік және саяси тұрғыдан жаңғырту міндеті де бар. Осы бағыттағы жұмыстардың бірі – ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етіп, қоғамдық қауіпсіздік мәселесіне аса мән беру. Бұл міндеттерді жүзеге асыруға құқық қорғау органдарын жұмылдыру керектігі айтылған. Өткен жылы Елбасы Жолдауын орындау барысында құқық қорғау саласын кезектен тыс аттестаттау жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңнамаларын құқық қорғау қызметкерлері кәсіби тұрғыда орындауға міндетті. Құқық қорғау қызметкерлері кәсіби міндеттерін мінсіз атқаруда. Оны Ата Заңымызға жүгіне отырып жүзеге асырып келеді. Конституция – ұлттық мемлекетіміздің берік тұғыры деп білемін.
Осындай маңызы бар мерекеде шын жүректен шыққан ыстық ықыласымды қабыл алыңыздар. Тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейіп, жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай! Еліміздегі ынтымақ пен бірлігіміз нығая берсін дей отырып, барша қазақстандықтарды Конституция күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, еңбекте зор жетістіктер тілеймін!

Қайрат ДӘЛБЕКОВ,
Маңғыстау облыстық ІІД-нің бастығы,
полиция полковнигі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*