Конституция – демократия бастауы

Конституция – демократия бастауы-1Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай салтанатты жиын өтті.
Айбыны асқақ Ата Заңымыздың мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған шараға сала қызметкерлері түгел қатысты. Еліміздің мемлекеттік Әнұраны орындалған соң басқарма бастығы, полиция полковнигі Есенбек Бердіғалиев әріптестерін алда келе жатқан мемлекеттік мерекемен құттықтады.
–Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде қабылданған Конституциясының тарихи маңызы зор. Елімізді демократиялық, зайырлы және біртұтас мемлекет деп жариялаған бұл Конституция – демократиялық бағыт ұсынған жаңару кезеңінің бастауы болды. Міне, биыл он сегізінші рет осынау бүкілхалықтық мерекені кең көлемде атап өткелі отырмыз. Ел тыныштығын қорғау жолындағы қызметтеріңізге сәттілік тілеймін, – деді Есенбек Жылқыбайұлы.
–Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдарда еліміздің көк байрағы көкке көтеріліп, мемлекетіміздің мәртебесі сан рет асқақтап, Елбасымыздың ерен ерлігі мен ел ертеңі үшін атқарған жұмыстары айқын да анық көрінді. Елімізде адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету саласында маңызды қадамдар жасалып, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Сондықтан да баршамыздың бір ғана тілегіміз бар – айбарлы ата Заңымыз одан әрі асқақтай берсін! – деді өз әріптесінің құттықтау сөзін жалғастырған басқарма бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Бижанов. Мерекелік шарада бір топ басқарма қызметкерлері алғысхаттармен, ақшалай сый-сияпаттармен марапатталды. Салтанатты жиын басқарма қызметкерлері дайындаған концертпен, әр түрлі спорттық жарыстармен жалғасты. Полиция капитаны Нұрболат Сағыновтың «Конституциям менің» өлеңі мен аға сержант Руслан Өтегеновтың орындауындағы Құрманғазының «Балбырауын» күйі көпшіліктің қошеметіне ие болды. Спорттық бәсекеде бірінші орынды полиция батальонының жастар құрамасы иеленсе, екінші және үшінші орындарды полиция батальонының басшылық құрамы мен аудандық саптық бөліністерден жасақталған Конституция – демократия бастауы-2құрама командалар бөлісті. Бұл мерейлі мереке Ата Заңымыздың қабылдануына байланысты өткізілгенін басында айтып өттік. Дүниедегі ең әділ заң – біздің Конституция. Мемлекетіміздің ең басты байлығы адам, оның құқығы мен бостандығы екені осы құжатта айқын көрсетілді. Сондықтан да Конституцияның маңызы – жоғары, мәтіні – терең. Қазақстан мемлекеттігін құра отырып, еркіндікті, теңдікті және татулықты сақтай білді. Бүгінде қазақ елін дүниежүзі терезесі тең ел ретінде таниды. Құқықтық демократиялық мемлекетте жаңа Конституцияның, яғни біздің қоғам өмірінің негізгі заңының аса жоғары мәнге ие екендігі белгілі. Тәуелсіз еліміздің Конституциясы қабылданудан бұрын бүкілхалықтық талқылаудан өткізілді. Мұндағы басты талап – Констиутциямыздың басты ұстанымы – барша халықаралық құқықтық нормаларға сай келуімен қатар, бүкіл республика азаматтарын идеялық жағынан біріктіру, түрлі әлеуметтік және ұлттық топтар арасында жік салмауын көздеу. Себебі, елімізде 100-ден астам ұлт өкілі тұрады. Ал оларға экономикалық, әлеуметтік-тұрмыстық, қоғамдық саяси жағдай жасау мемлекеттің негізгі міндеті болып қала бермек. Елімізде жүргізіліп жатқан бағдарламалардың түпкі мақсаты – әлеуметтік жаңғыртумен басекеге қабілетті ұлт болу үшін жаңа біліктілікті меңгеру керектігі айқын көрсетілген.

Фатихолла МАШТАХОВ,
Батыс Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*