Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау қағидасы

«Мемлекеттік қызмет туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ішкі істер органдарына қызметке қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Конкурс жарияланғанға дейін, білім беру ұйымына оқуға түсетіндерді қоспағанда, ІІО-ға қызметке алғаш рет кіретін азаматтар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды қоса алғанда Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуден өтеді.
Тестілеу Абай даңғылы, 33 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ғимаратында өтеді.
Тестілеуге жазылу www.egov.kz интернет порталы арқылы немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылады.
Үміткер құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуіне арналған тестілеу бағдарламалары бойынша тестілеуден оның өтінішінде көрсетілген құқық қорғау қызметі лауазымының санаты бойынша өтеді.
Тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес тестілеудің нәтижесін алған үміткерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуіне арналған тестілеуден өткені туралы сертификат беріледі, ол тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды.
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуден өткені туралы сертификаты болған кезде және біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда ІІО кадр қызметі үміткерлерге олардың қызметке жарамдылығын айқындау үшін ІІО-ның әскери-дәрігерлік комиссиясында медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтуге, сондай-ақ, денешынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыруға жолдама береді.

2 пікір

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*