Ешқашан естен кетпейді…

ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясында 12 қараша – қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан құқық қорғау орагандары қызметкерлерін еске алу күніне орай тағылымды шара өтті.
Жыл сайын осы күні қызметтік міндеттерін өтеу барысында қаза тапқан ішкі істер органдары оғландарын еске алып, бір минут үнсіздік жариялау, ерліктеріне тағзым етіп, ел ертеңі – жас ұрпаққа үлгі ету Академия қабырғасында қалыптасқан дәстүрдің бірі. Себебі, сын сәтте өзгелердің өмірі мен амандығын өзінікінен жоғары қойып, нағыз ерліктің үлгісін көрсете білген бұл жігіттердің қызметке деген адалдығының арқасында бүгінгі қоғамда тыныштық және бейбітшілік сақталуда.
Тәртіп сақшысы – қоғамдағы аса қауіпті мамандықтардың бірі әрі бірегейі. Полиция қызметкерлері қоғамдағы түрлі қылмыстармен және терроризммен күресуде жанын пида етуге дайын.
Қазақстан тәуеліздігін алғаннан бері қызметтік және әскери шепте еліміздің ішкі істер органдарының 700-ден астам қызметкері көз жұмған. Қалың жұртқа қайғы мен қасіретті, қайсарлық пен ержүректілікті еске салар қарашаның 12-сі күні ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясының басшылығы қайғылы оқиға салдарынан зардап шеккендерге және қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
Бұл күні еліміздің барлық өңірлерінде салтанатты және еске алу іс-шаралары дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отырады. Полиция қызметкерлері қаза тапқан батыр әріптестерін ешқашан естен шығармайды.

ІІМ Б.Бейсенов атындағы
Қарағанды Адемиясының
Тәрбие жұмысы бөлімі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*