Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Есімдері – мәңгілік есте!

Есімдері – мәңгілік есте!

19 қазан – Құтқарушылар күні! Осы айтулы кәсіби мерекеге орай Астанада қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан құтқарушыларға арналған даңқ ескерткіші ашылды.
Бұл даңқ ескерткішінде қызмет бабында қаза тапқан батырлардың есімдері жазылған. Ел оларды әрдайым құрмет тұтып, тағзым ететін болады. Сонау 1996 және 2010 жылдардың ақпан айы қала тұрғындарының есінен әлі күнге кеткен емес. Сол кезде тілсіз жау өртпен күрес қызметінің бес қызметкерінің өмірін қиған еді. 1996 жылы Мичурин атындағы совхозда көп қабатты тұрғын үйдің жертөлесіндегі өртті сөндіру кезінде Александр Величкин және Геннадий Винокуров қаза тапты, ал 2010 жылдың 17 ақпанында елордадағы ғимараттардың бірінде шыққан өртпен күресте Валерий Зайцев, Саят Абеев және Руслан Кәкішевтер көз жұмған болатын. Бұл батырлардың есімі енді мәңгілікке ардақталады.
Салтанатты шараға Астана қаласындағы Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері, жеке құрамы және жалпы қала жұртшылығы қатысты. Алдымен сөз алған Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Барат Дұзақбаев:
–Өткенді білмей, болашақ болмас. Біздің батырларымыз туралы жылы естелік біздің жүректерімізді мәңгілік сақталады. Олар кәсіби парыздарын бәрінен де жоғары қойып, жанкештілік танытты, – деп атап өтті.
Сондай-ақ сол күні батырлардың есімдерін еске алу үшін олардың туған-туыстары мен достары келді. Жақсы естеліктерімен бөлісті. «Кәсіби салқынқандылық, қаймықпас рух құтқарушылардың ең басты айрықша қасиеттері – осы. Олар өте қарапайым, олардың ерліктері көпшілікке белгісіз, бірақ еңбектері құрметке лайық, өткені олардың бірінші кезектегі парызы – адам өмірін құтқару. Бұл – ең биік те, қасиетті парыз. Сондықтан, қызметтік парызын өтеу кезінде қаза тапқандарды біз әрдайым ұмытпай, есімдерін қастерлейміз», – деп ағынан жарылды достары мен жақын-жуықтары.

Меңдолла НҰРЫМҰЛЫ

Сондай-ақ, оқыңыз

Әлеуметтік бастамалардың әлеуеті зор

Маңғыстау облысының тәртіп сақшылары Парламент Мәжілісінің депутаттары Бақытжан Ертаев және Ержан Құдайбергенмен кездесті.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған