Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Азаматтық қорғаныс, онымен де бол таныс

Азаматтық қорғаныс, онымен де бол таныс

Міне осындай ұранмен Ақжар ауданында азаматтық қорғау саласындағы жоспарлы оқыту өткізілді. Бұл жолғы оқыту «Азаматтық қорғау қызметтердің мамандары» санаты бойынша аудиториясымен болды.
Ақжар ауданы Солтүстік Қазақстан облысының шығыс бөлігінде орналасқан және солтүстігінде Ресей Федерация Омбы облысымен, оңтүстігінде Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданымен, басысында Щучье ауданымен, сондай-ақ облыстың Тайынша, Мағжан Жұмабаев және Уәлиханов аудандарымен көршілес. Сондықтан да орналасу географиясы трансшекаралық сипаттағы әртүрлі төтенше жағдайларға дайын болуды талап етеді.
Өткен жылғы қазан айында аудан әкімінің шешімімен төтенше жағдайлар салдарынан халықты қорғау және залалды азайту жөніндегі азаматтық қорғау іс-шараларын жоспарлау және қамтамасыз ету, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, зардап шегуші халыққа көмек көрсету,эвакуациялық іс-шараларды жүзеге асыру және өзге де міндеттер жүктелген аудандық 15 азаматтық қорғау қызметі құрылған болатын.
СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының офицерлері тыңдаушыларға азаматтық қорғау саласындағы қызметті регламенттейтін заңдар және өзге де нормативтік актілердің негізінде құрылған, слайдтық сүйемелдеуі бар дәрістерді оқыды.
ТЖ департаменті өткізіп жатқан іс-шараны аудан әкімі – Азаматтық қорғаныс бастығы Серікбай Шәріпұлы Тұралинов қызу қолдады.
Тыңдаушыларға теория ретінде берілген білімді бекіту үшін «Талшық-Астық LTD» ЖШС қауіпті өндірістік объектісі элеваторында аудан әкімінің қатысуымен жоспардан тыс объектiлiк жаттығуы өткізіліп, объектінің лауазымды тұлғалары, жұмысшылары төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимылдарын көрсетті. «Талшық-Астық LTD» ЖШС базасында құрылған ерікті өртке қарсы құралымы қызметкерлері ЖЖМ қоймасындағы шартты өртті сөндіріп, ТЖ аумағынан зардап шеккендерді эвакуациялады. Медициналық қызметпен бірлесіп, зардап шеккендерге бірінші медициналық көмек көрсетуді де пысықтады. Жаттығуда ауданының азаматтық қорғау қызметтерінің объекті әкімшілігімен төтенше жағдайды жоюдағы өзара тығыз іс-қимыл жасауы да көрсетілді. Барлық қатысушылар: мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі, медициналық қызмет, ақпарат қызметі, байланыс қызметі және инженерлік қызметтің барлығы жедел және үйлесімділікпен қойылған тапсырманы орындады.
Сондай-ақ, Ақжар ауданы әкімі Серікбай Шәріпұлы Тұралиновтың бастамасымен ауданның жоғары дайындықтағы шұғыл ден қою жиынтық жасағы сапқа тұрғызылып, жасақтың ТЖ жоюға қажетті жеке құраммен, техникамен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі қаралды.
Байқау іс-шарасы соңында Серікбай Шәріпұлы: «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюда, біздің техникалық жарақтарымыздан бөлек, ең бастысы – ол әртүрлі қысылтаяң жағдайларда әрекет етуді білу қажеттігі, ал ол болса күнделікті өзіндік дайындық пен жаттығуды талап етеді», – деді.

Қайрат Садиқов,
СҚО ТЖД АҚ басқармасының аға офицері,
подполковник

Сондай-ақ, оқыңыз

Интернационал-жауынгерлерге құрмет

Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінде Ауған соғысының ардагерлері мен Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери қақтығыстардың қатысушыларына …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған