Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Әскердегі құқықтық мәдениет дамып келеді

Әскердегі құқықтық мәдениет дамып келеді

Таяуда «Батыс» өңірлік қолбасшылығында Орал гарнизонының әскери прокуроры, әділет полковнигі Алтынбай Раевтың төрағалығымен өткен жиында Қарулы күштердегі, әскери құрылымдардағы 2016-2018 жылдарға арналған құқық бұзушылықтардың алдын алу бағдарламасының және әскери прокуратураның «2016 – Әскердегі құқықтық мәдениет жылы» ұранының жүзеге асырылуы талқыланды.
Орал гарнизонының әскери прокуроры Алтынбай Раев әскери басқармадағы және Орал гарнизоны әскери бөлімдеріндегі қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту бойынша қылмыстық қудалау органдарының қызметіне тоқталды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдағы құқықтық тәртіпке мән беріп, алдағы мақсат-міндеттермен таныстырды.
Кездесу барысында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Берік Омаров, 5517 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, подполковник Вячеслав Пак, ҚР ҰҚК 2029 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, майор Манарбек Қарекенов әскери бөлімдердегі заңдылықтың сақталуы және «Әскердегі құқықтық мәдениет жылы» шеңберінде ұйымдастырылған іс-шаралар жөнінде баяндады.
Басқосу соңында Орал гарнизонының әскери прокуроры нақты тапсырмалар беріп, бұдан соң әскери қызметкерлер мен олардың отбасыларын қабылдады.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Әлеуметтік бастамалардың әлеуеті зор

Маңғыстау облысының тәртіп сақшылары Парламент Мәжілісінің депутаттары Бақытжан Ертаев және Ержан Құдайбергенмен кездесті.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған