Жарлауға біткен жапырақ – жамылсақ, тоңар ма екенбіз?!

Батыс Қазақстан облысында Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел құтқару жасағының базасында жас құтқарушылар слеті ұйымдастырылды. Балалар слеттан тек қана дипломдарды, кубоктарды, медальдар мен бағалы сыйлықтарды алумен шектелмей, пікірлес достар тауып, ұмытылмайтын кездесулер өткізеді.
Сондай-ақ, сөзбен ғана емес, іс жүзінде экстремалдық жағдайларда іс-әрекет жасап, білімдерін сынға салады. Клубтарда өткен дағды мен ептілікке байланысты жаттығулар және сабақтарда алған әсерлері олардың естерінде ұзақ сақталары анық.
Сайысқа қатысушы әрбір команда 10 баладан құралады. Командада құтқарушы қыз баланың болуы міндеттелген. Қатысушылар тек қана төтенше жағдайлармен күресумен шектелмей, олар берілген координаттарды іздеу бойынша бастапқы көмекке байланысты шеберлік көрсетеді. Слеттің мақсаты мен міндеттері оқушыларды қауіпсіз тіршілік етуге дайындау, төтенше жағдайлар туындаған кезде іс-әрекетке үйрету, өрт сөндіру құралдарын қолдану дағдыларына үйрету, саламатты және қауіпсіз өмір салтын сүру насихаты толық көлемде орындалды. Слетке облыстағы орта жалпы білім беру мектептерінен 8 команда қатысты.
Слеттің салтанатты түрде ашылу рәсіміне департамент бастығының орынбасары А.Ахметжанов қатысып, жас құтқарушылардың жарыстарына сәттілік тіледі, өткен жылғы слеттің жеңімпазы – «Батыс West» командасы Төтенше жағдайлар комитетінің Астана қаласында өткен «Жас құтқарушы» республикалық жиын-семинарында бірінші орынға ие болып, Қазақстанның мықты командасы екенін кезекті рет растағанын атап өтті.
Облыстық слет салт-дәстүрге сай құттықтау сөзімен ашылды. Алғашқы кезеңде қатысушылар үй тапсырмасын: өзінің ауданының «басты картасын» ұсынды. Жарқағаздарда, өлең сайысында балалар өздерінің жасампаз мінездерін, командалар саптық даярлық деңгейлерін көрсетіп шықты.
Іс-шаралар жедел құтқару жасағының оқу-жаттығу және орталық базасының аумағында өтті. Сонымен қатар, жас құтқарушылар «Тау», «Өткел», «Шытырман», «Форд» және жауынгерлік қанат жаю техникалық кезеңдері бойынша іске қосылды. Командалар табиғи ахуал жағдайында іздеу-құтқару жұмыстарын өткізді.
Департамент және білім беру басқармасының қызметкерлерінен құралатын қазылар алқасы жарыс қорытындылары бойынша 1-ші орынды Зеленов ауданының командасына, 2-ші орынды Қазталов жас құтқарушыларының, 3-орынды Қаратөбе ауданы командасына берді.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*