Басқы бет / «Сақшы» газеті / Уақыт тынысы / Сақшылар мен қорықшылар тізе қосты

Сақшылар мен қорықшылар тізе қосты

Солтүстік Қазақстан облысының сақшылары «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.
Жыл басынан бері облыс полицейлері табиғатты қорғау заңнамасына қатысты 700-ден астам заң бұзушылықты анықтады. Олардың басым бөлігі аң және балық аулау ережелерін бұзуға байланысты екен. Жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында тәртіп сақшылары браконьерлік фактілерін анықтау жұмыстарын күшейте түсті. Осы мақсатпен полиция қызметкерлері мен қорықшылар енген топтар құрылды. «Басты мақсат – ағаштарды заңсыз кесу, аң және балық аулау, табиғи ресурстарды тасымалдау сияқты заң бұзушылықтардың алдын алып, болдырмау», – деді СҚО ІІД ЖПҚ табиғатты қорғау полициясы бөлімшесінің бастығы, полиция полковнигі Есләмбек Мәкенов.
Облыста 10 күн ішінде табиғатты қорғау заңнамасының 232 бұзушылығы анықталды. Заңсыз аң аулаушылардың үстінен 152 әкімшілік хаттама толтырылды. Ал бос уақыттарын өзен-көлдердің басында өткізіп, балық аулауға құмартатындар арасынан балық аулау ережелерінің 52 рет бұзу жағдайы анықталды.
Жамбыл ауданында «Артемии салина» шаяндарын заңсыз аулаған Қызылжар ауданының екі тұрғыны ұсталды. Олардан шаяндар салынған жалпы салмағы 550 келі болатын 15 қап алынды. Аталған факті бойынша 335-бап, яғни «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу» бойынша сотқа дейін тергеу әрекеттері басталды. Алынған заттар сараптамаға жөнелтілді.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Интернационал-жауынгерлерге құрмет

Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінде Ауған соғысының ардагерлері мен Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери қақтығыстардың қатысушыларына …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған