Тәлімі – терең, тәртібі – темір сала

Ішкі істер саласындағы әр қызметтің өз қиындығы бар, соның ішінде күн-түн демей тапжылмай еңбек ететін саланың бірі – криминалдық полиция қызметі.
Қылмыспен күрес жүргізуде криминалдық полицияның жұмысы маңызды орын алады. Жедел қызметкерлердің алдында азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды қамтамасыз ету міндеті қойылады.
Қазіргі таңда осы қызметі ауыр, қауіпті криминалдық полиция қызметкерлеріне қойылатын талап та зор. Алдарына қойылған міндеттерді орындау, мақсатқа жету үшін жедел қызметкерлер қылмыстық іздестіру саласында көп жылдар жұмыс істеген ардагерлердің, тәлімгерлердің тәжірибелеріне арқа сүйейді. Қылмыстық іздестіру жұмысы барлық полицияның негізі болып саналады. Қазіргі кезде көліктегі ішкі істер органы жұмысының басты бағыты – қылмыспен күрес жүргізу және құқықтық тәртіпті сақтау, оның ішінде жүк тасымалдау аясындағы қылмыстарды анықтау, сонымен бірге заңсыз есірткі айналымымен күрес жүргізуге негізделіп отыр.
Осы орайда, кәсіби мерекелері күні Павлодар стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімінде заңдылықты бекіту ісіне, қылмыспен күреске, қылмыскерлерді іздестіруде үлкен үлес қосқан криминалдық полиция ардагерлері– Середа Иван Григорьевич, Бердников Дмитрий Михайлович, Мұқашев Рамазан Құрманұлы, Шоқаев Қанапия Темірәліұлы, Плетнев Владимир Васильевич, Балтин Серік Нәжмиденұлы, Морозов Александр Григорьевич, Юсупов Қанат Әмірханұлының есімдерін ерекше атап өтуге тұрарлық.
Қазіргі уақытта Ішкі істер желілік бөліміне тиесілі аумақта жедел қызметті бақылауды бастықтың бірінші орынбасары Қанат Тұрғанбеков жүргізіп келеді. Білімі мен тәжірибесінің арқасында осы сала бойынша атқарылатын қызметті алға бастырып келе жатқан Қанат Бақытбекұлының қарамағында бүгінде бірталай жас маман адал қызмет атқарып жүр. Олар – криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Біржан Байманасов, Екібастұз стансасындағы ЖПБ бастығының орынбасары, полиция майоры Жолдасбек Нахметов, аға жедел уәкілдер – полиция майоры Қанат Ахметов, полиция аға лейтенанты Қуандық Әлімбергенов, жедел уәкілдер – полиция капитаны Сұлтан Жүнісов, полиция аға лейтенанты Расул Жакенов, полиция капитаны Жандос Құсайынов. Аға буын салып кеткен даңқты жолдың дәстүрін бұзбай сақтап келе жатқан бұл жастар өздерінің табандылығы мен қырағылықтарының нәтижесінде қызметтерін абыроймен арқалап келеді.
Қазіргі күні криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері көліктегі заңсыз есірткі айналымымен күрес жүргізу аясында ауқымды жұмыс жүргізуді қолға алған. Мереке қарсаңында Қылмыстық іздестіру қызметінің 98 жылдығымен криминалдық полиция қызметкерлерін құттықтай отырып, темірдей төзімділік пен табандылықты қажет ететін қызметтеріңіз табысты болып, еңбектеріңіз жана берсін дегіміз келеді.

Павлодар стансасындағы ІІЖБ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*