Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаршы / Үздік бөлімше командирі анықталды

Үздік бөлімше командирі анықталды

Таяуда «Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінде «Үздік бөлімше командирі» конкурсы өтті.
Байқаудың мақсаты – өрт сөндіру бөлімшелері жеке құрамының кәсіби деңгейін, жауынгерлік дайындығын және шеберлігін шыңдау, бөлімше командирлерінің теориялық білімін және тәжірибелік машығын жетілдіру болып табылады.
Шешуші сайыста Петропавл қаласы мен облыс аудандарында өткен іріктеу кезеңінен сүрінбеген үздік бөлімше командирлері бақ сынады. Ал кәсібилікті сынға алған конкурстың екінші кезеңінде бірінші кезеңнің жеңімпаздары қанат жаю, құтқару арқанын байлау тапсырмалары бойынша нормативтер орындады. Сонымен қоса, тартысқа түскендер турникке тартылып, 60 м, 100м, 1000м арақашықтықты артқа тастап, жүгіріп өтті.
Байқау бағдарламасына денешынықтыру және өрт-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысын регламенттейтін заңдарды, оның ішінде қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша нормативтік-құқықтық актілер туралы білім-біліктілігін тексеру мақсатында тестілеу жүргізу енгізілді.
Тартысты өткен байқаудың қорытындысы бойынша Петропавл қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау прапорщигі Руслан Рамазанов жеңімпаз деп танылып, оған «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ «Үздік бөлімше командирі» атағы берілді. Екінші орынды Ақжар ауданының Ленинградское ауылы №8 өрт сөндіру бөлімі өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау прапорщигі Кондрат Франц еншілесе, ал жүлделі үшінші орынға Петропавл қаласы №5 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау сержанты Әсет Рсаев ие болды. Жеңімпаздар «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының алғыс хаттарымен және кубокпен марапатталды.

ДарханСМАҒҰЛОВ,
«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ ӨС ж/е АҚЖҰБ
өрт сөндіру бөлімшесінің бас маманы
азаматтық қорғау капитаны

Сондай-ақ, оқыңыз

Көпке үлгі кемел тұлға

Әдетте, біз бұрынғы кездердің батырларын әрқашан есте сақтаймыз, бірақ бүгінгі күні араларымызда осындай атаққа ие …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған