Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаршы / «Бақытты балалық шақ алаңы»

«Бақытты балалық шақ алаңы»

Білім және ғылым министрлігінің мұрындық болуымен қолға алынған «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы ағымдағы жылдың тамызынан қыркүйектің бел ортасына дейін жалғасады. Биыл «Бақытты балалық шақ алаңы» ұранымен өткізіліп жатқан акция ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр.
Қайырымдылық акциясының түпкі мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан оқушыларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмек беру. Әлеуметтік маңызы жоғары акцияға Астана қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті мен Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлесіп атсалысуда.
Атап айтқанда, акция аясында 8 бала тәрбиелеп отырған Садықовтар отбасына және толық емес отбасында тәрбиеленіп жатқан №65 мектеп гимназиясының оқушылары Ерасыл мен Ернұрға көмек көрсетілді. Садықовтар отбасында тәрбиеленіп жатқан сегіз бірдей баланың бесеуі мектеп жасындағы оқушылар. Мектеп құралдарын сыйға алған оқушылар қайырымдылық танытқан жандарға алғыстарын жаудырып, ризашылықтарын білдірді. Ғимараттың цокольный қабатын пана еткен отбасының отанасы Сәуле Садық балаларын мектепке дайындауға жәрдемдескен ҚАЖД мен ҚХА өкілдеріне ізгі тілегін жеткізді.

Жадыра МЫРЗАХМЕТ,
Сурет Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВТІКІ

Сондай-ақ, оқыңыз

Бала жетістігі – ата-ана қуанышы

«Адамның бақыты – балада» деген халық даналығы текке айтылмаған. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана …

3 Пікір

  1. Амина

    Министрлік дұрыс қылған екен. Қадамдарыңа нұр жаусын! Көмек көрсету ұнап қалар, шапағатын сезінерсіздер.

  2. айзере

    қандай керемет акция! жарайсындар! толығымен қолдаймын

  3. Арман

    Өте керемет акция, осындай жақсылықтар жасала берсе екен деп ойлаймын. Балалардың бақытына орай, кажетті құрал жабдықпен қамтамасыз етіліп отыр

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған