Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаршы / Сыр сақшыларының шексіз шарапаты

Сыр сақшыларының шексіз шарапаты

Қызылордада Жергілікті полиция қызметкерлері 11 жасөспірімді жаңа оқу жылына қажетті мектеп құралдарымен қамтамасыз етіп, ел қатарлы білім алуларына жағдай жасады.
Әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген, көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан балаларға, сондай-ақ, ата-ана қамқорлығынан айырылған жасөспірімдерге қолдау көрсету мақсатында еліміздің барлық аймақтарында өткізіліп жатқан қайырымдылық акциядан Сыр сақшылары да шет қалмады. Қызылорда облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері акция аясында көмекке мұқтаж жасөспірімдерді оқуға қажетті керек-жарақтармен қамтамасыз етті. Бұл қайырымдылық акция жасөспірімдер қылмысымен күресте алдыңғы қатарда тұратын Ювеналды полиция бөлімінің тікелей ұйымдастыруымен өткізілген-тін.
Шара шеңберінде Қызылорда облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Қ. Қобландин тұрмысы төмен отбасында тәрбиеленіп жатқан оқушылармен жүздесу кезінде оларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмке, аяқ-киім, азын аулақ азық-түлік тарту етті. Жергілікті полиция қызметкерлері жалпы саны 11 баланы қамқорлықтарына алып, көмек қолын созды.
Көмекке мұқтаж балалардың қуанышына куә болған қызылордалық сақшылар балалардың бақытты балалық шағы үшін еш аянып қалмайтындарын айтып, оларға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. Сақшылардың шексіз шарапатына бөленген балғын балалар сый-сияпаттары үшін алғыстарын айтты.
Сөз орайы келгенде айта кету керек, осыған дейін қызылордалық полицейлер 84 оқушыға материалдық тұрғыдан көмек көрсеткен болатын.

Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз

Танымды кеңейткен «Көшкін»

ІІМ Б. Момышұлы атындағы оқу орталығының жеке құрамы мен тыңдаушылары Ж. Шанин атындағы облыстық академиялық …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған