Тәуелсіздікке тарту болған «Тарих беттері»

Солтүстік Қазақстан облыстық Тарихи-өлкетану мұражайында ІІД жас қызметкерлеріне арналған «Тарих беттері» атты семинар-презентация өтті.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында, 2016 жылғы 27 мамырда ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі Солтүстік Қазақстан облыстық Тарихи-өлкетану мұражайында Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасы және мұражай қызметкерлерімен бірлесіп, ішкі істер органдарының жас қызметкерлеріне арналған «Тарих беттері» тақырыбына семинар-презентация ұйымдастырылды.
Семинар-презентация экскурсия және жаңа басылымдарға шолу түрінде өтті. Мұражай қызметкері Гүлжауһар Сәдуақасова экскурсияны Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолы жайлы сыр шертетін жәдігерлер және материалдар қамтылған «Болашаққа ұмтылған Қазақстан» галереясынан бастап, «Тұңғыш Президент» залында өтті. Бұл жерде ІІД Жергілікті полиция қызметі, Көші-қон полициясы басқармасы, Петропавл қалалық ІІБ, жол-патрульдік полициясы батальонының жас қызметкерлері еліміздің ширек ғасыр тарихы, бүгінгі таңда қол жеткізген жетістіктері, Елбасы жайлы кеңінен мағлұмат алды.
Сондай-ақ, мұражай тыңдаушыларға Саяси қуғын-сүргін құрбандары жайлы материалдар ұсынып, сол кездегі саяси құрылым және тарихи деректермен, тарих беттеріндегі ақтаңдақтармен таныстырды.
Жас қызметкерлер мұражай қызметкерінің әңгімесін ұйып тыңдады. Одан әрі іс-шараны Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Майра Мақышева және Бибігүл Қамытаяқова жалғастырды. Олар Мұхтар Әуезов, Манаш Қозыбаев, Қабдеш Жұмаділов, Досжан Дүкенбаев сынды ұлы тұлғалардың шығармаларына шолу жасап, жаңа басылымдармен таныстырды.
«Біз бүгінгі іс-шарада тарих жайлы, еліміздің қалыптасуы жайлы көптеген қызықты мағлұматтар алдық. Жаңа басылымдармен таныстық. Менің ойымша осындай іс-шаралардың жас буынға берері мол. Біз жас полицейлер бүгінгі іс-шарадан ұмытылмас әсер, рухани азық алдық», – дейді Петропавл қалалық ІІБ Екінші полиция бөлімінің тергеушісі Ернар Қожабек.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*