Тарихи тағдырлы шешім

«Бүгінде әлем таныған Қазақстан мемлекетінің Елордасы, Еуразия құрлығының жүрегінде орналасқан Астана қаласының 18 жылдығы – ел өміріндегі аса ірі тарихи оқиға, Қазақстан халқының мерейлі мерекесі».
Қазақстан Республикасы ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінде Астана күніне арналып өткізілген дәріс осылай басталады. Полиция полкінің қызмет көрсету аясы негізінен елордамызда жүзеге асырылатындақтан бұл дәрістің жеке құрам үшін берері мол екенін сөзсіз түсінуге болады. Дәрісті өткізген Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Филология факультеті Қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Сағымбай Жұмағұловты акт залында отырған қызметкерлер ұйып тыңдады.
«Біз ғасырлар тоғысқанда тәуелсіз жаңа мемлекет орнатып, байтақ еліміздің дәл ортасынан бас қаламыз – Астананы салдық. Бүгінде әлемдік қауымдастық үшін Қазақстан мен Астана атаулары егіз ұғымға айналып кетті. Бұл ұғымдар қарыштап даму мен өрісті өркендеудің өнегелі үлгісі ретінде орнықты. Біздер, қазақстандықтар, Астананы асқақтату арқылы дүние жүзінде өзімізді – келешегі кемел, әлеуеті қуатты мемлекет екенімізді таныттық», – деді Сағымбай Ботбайұлы.
Профессор осыдан 18 жыл бұрын, 1994 жылдық 6 шілдесінде Парламент қабылдаған шешім шын мәнінде тарихи да тағдырлы құжат болғандығын, бұл қадамның тәуелсіздіктің алғашқы жемістері ғана емес, жас мемлекетіміздің тұңғыш жеңістерінің де бірі екендігін айтты.
Рас-ақ, 18 жыл ішінде әлемге танылған Астана Қазақстанды да дүниежүзіне әйгілі етті. Сарыарқа төсінен бой көтерген Астана бүгінде еліміздің мақтанышына, даламыздың көркіне айналып отыр.
«Қазіргі кезде Астана біздің келешегімізге қатысты маңызды шешімдер қабылдайтын мемлекетіміздің саяси орталығы ғана емес, ұлттық рухымызды ұйытып отырған рухани ордамызға да айналып отыр. Осылайша қазақ елі жасампаздың істерде жасқанбай, ата-баба аманатына адалдығын танытты», – деді ұлағаты мол ұстаз.
Дәріс соңында полиция полкінің қызметкерлері профессорға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.

Н.СӘРСЕНҒАЛИҰЛЫ, сурет автордікі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*