БАҚ өкілдеріне көрсетілген құрмет

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, полиция қызметінің беделін арттырып, ішкі істер органдары қызметін БАҚ-та белсенді жариялағандары үшін сый-құрмет көрсетті.
«Қазақстанның ішкі істер органдары – бұл еліміздің көп функциялы және көп санды құқық қорғау органдарының бірі болып табылады. Полиция органдары барлық қылмыстық істердің 90 пайызы тергеуді жүзеге асырады, азаматтармен тікелей қарым-қатынаста қызмет атқарады, автокөлік ресімдеу, рұқсат алу, көші-қон құжаттары және өзге де бірқатар мәселелер бойынша тікелей жұмыс істейді», – деді кездесуді алғысөзімен ашқан министр.
«Біздің негізгі мақсатымыз – бұл барынша ашықтықты, жариялылықты, сондай-ақ біздің қызметіміздің тиімділігі мен кәсібилігін қамтамасыз ету. Ал азаматтардың сенім деңгейі – біздің жұмысымыздың басты индикаторы. Алайда, БАҚ-пен толыққанды өзара іс-қимылсыз осы міндетті шешу мүмкін емес.
Мемлекеттік органдардың қызметі туралы халықты шынайы хабардар етуде, халықтың құқықтық санасын арттыруда баспасөз ерекше рөл атқарады», – деп атап өтті Ішкі істер министрі.
Мереке қарсаңында ІІМ-нің бұйрығына қол қойылды, онда құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі полицияның жұмысын белсенді жариялағаны, полиция қызметінің беделін арттыруға ықпал еткені үшін республикалық БАҚ-тың 33 журналисі марапатталды.
Салтанатты іс-шара барысында Қалмұханбет Қасымов журналистерге грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етті.
Материалдары халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал еткен және полиция қызметін туралы жариялап жүрген БАҚ өкілдерін марапаттау ішкі істер органдарының барлық аумақтық бөліністерінде өткізілді.

ІІМ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*